Ел рәміздерін қастерлейік

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына биылғы 4 маусымда 33 жыл толады.
Осы атаулы күнге орай кітапханамызда төл рәміздерімізді дәріптеу шаралары жүзеге асырылуда.
Бүгінгі ауқымды шараға Өскемен қаласындағы төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері қатысты.
Құтқарушы-өрт сөндірушілерге Мемлекеттік туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз хақында жан-жақты деректер берілді.
Сонымен қатар, рәміздеріміздің жасалуы, тарихы жайлы, авторларының сұқбаттарымен жасалған бейнефильмдер көрсетілді.
Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, зор тәрбиелік маңызын паш етейік!

Новости филиалов