Кітапхана туралы
РУХАНИ ОЛЖАҒА КЕНЕЛДІК!








Кітап ордамыздың ақ сандығына салып әлпештеп, «Балбырауын» күйіне бөлеп, сахна төріне құрметпен әкелген «ШЕРЛІ АҚИҚАТ» және «ОН БІРІНШІ ҚОРҒАННЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ» кітаптарының тұсаукесер салтанатын өткіздік.
Авторы - ҚАЖАЕВ ОРАЛҒАЗЫ МӘУІТҰЛЫ, Ұлт Мәдениетін, Тарихын және Қазақ Тілін дамыту саласының ардагері, өлкетанушы-зерттеуші, тарихшы, Баян Өлгей аймағының және Қатонқарағай ауданының Құрметті Азаматы.
Қуанышты бөлісуге келген меймандар және жерлестері ОРАЛҒАЗЫ МӘУІТҰЛЫНЫҢ мәдениет және білім саласындағы қажырлы қызметін айырықша атап өтіп, тарту-таралғы жасап, абыройын асқақтатты. Кітаптың жарыққа шығуына зор үлесін қосқан автордың жұбайы Ләззат Бәженқызына да сый-тарту арнады.
Руханият құмар қауым сан сауалдар қойып, Оралғазы Мәуітұлы тарихымыз туралы төгілтіп, майын тамыза айтып берді.
Кітаптар туралы айтсақ:
«ШЕРЛІ АҚИҚАТ» - Ежелгі дәуір мен 20 ғасырдағы Қазақ Елінің тауқыметті тағдыры туралы. Сонымен бірге, Әлихан Бөкейхан, Дінмұхамед Қонаев, Жұмабек Тәшенов сияқты ұлт қайраткерлерінің Жер мәселесін шешудегі ерліктерін және Жерді жалға берудің зардаптарын да зерделеген.
«ОН БІРІНШІ ҚОРҒАННЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ» - Катонқарағайдағы Берел өңірінен табылған ежелгі қорғандардың ішіндегі бастысы 11-қорған қазбаларына жан-жақты тұжырымды зерттеулер жасаған.
Оралғазы Мәуітұлының Ұлттық құндылықтар туралы жазылар зерттеулерінің жалғаса беруіне тілектеспіз!
Достар, жаңа Кітаптарды біздің кітап ордамыздан алып оқуды ұсынамыз!
Келіңіздер, мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Сұраңыздар, хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Другие новости
13 маусым 2025

«ОРАЛХАН ШЫҢЫНА» ШАҚЫРАМЫЗ!
16 маусымда, сағат 11:00-де Оралхан Бөкейдің кітапханасында «ОРАЛХАН ШЫҢЫ» атты керемет кітаптың тұсаукесер...
13 маусым 2025

АСТАНАДАН ҚОНАҚ КЕЛДІ!
Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мұрағат, құжаттама және кітап ісі комитетінің»...
12 маусым 2025

РУХАНИ ОЛЖАҒА КЕНЕЛДІК!
Кітап ордамыздың ақ сандығына салып әлпештеп, «Балбырауын» күйіне бөлеп, сахна төріне құрметпен...
Новости филиалов