«ОРАЛХАН ШЫҢЫНА» ШАҚЫРАМЫЗ!

16 маусымда, сағат 11:00-де Оралхан Бөкейдің кітапханасында «ОРАЛХАН ШЫҢЫ» атты керемет кітаптың тұсаукесер салтанатына келіңіздер! Жазушы шығармаларын терең зерттеген мұндай еңбек бұрын-соңды жазылмаған. Авторы – БАЛТАБАЕВА ГАУҺАР САЯДЫЛҚЫЗЫ, әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы. Оралхан Бөкей шығармаларындағы пәлсапалық ойлардың астарын ашып, ұлттық армандарын білгіңіз келе ме? Ел мен Жердің өзекті мәселелері туралы Жазушының жарты ғасыр бұрын дабыл қаққан көріпкелдігіне көз жеткізгіңіз келе ме? Ендеше, «ОРАЛХАН ШЫҢЫ» кітабының тұсаукесер салтанатына қатысып, әдебиеттанушы, оралхантанушы жерлесіміз ГАУҺАР САЯДЫЛҚЫЗЫМЕН рухани сырласуға шақырамыз!

Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22

Новости филиалов