Кітапхана туралы
«Жасанды Интеллект – Мәдениет және Өнер саласы мекемелерінің қызметінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!
2025 жылы, 30 маусым және 1 шілде күндерінде Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Жасанды Интеллект – мәдениет және өнер мекемелерінің қызметінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – мәдениет және өнер саласы қызметінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қызмет деңгейін жетілдіру. Сондай-ақ , сала қызметкерлерін өңірдегі мәдениет және өнер саласында креативті индустрияны дамытуға бағытталған шығармашылық жұмыстарды тиімді шешуге үйрету. Конференцияға театр, филармония, музей, кітапхана, қалалық және аудандық мәдениет үйлерінің мамандары шақырылады.
Облыстық деңгейдегі ұйымдардан IT- мамандары, аудандық және қалалық мекемелерден мәдениет бөлімі, аудандық мәдениет үйі және орталықтандырылған кітапхана жүйесі өкілдерінен құралған 3 адамнан тұратын топтың қатысуы ұсынылады.
Конференцияға қатысу тегін. Іссапар шығындары қатысушыны жіберуші тарап есебінен қарастырылады. Қатысушы www.bokeylibrary.kz сайтында 2025 жылдың 24 маусымы, сағат 18:00-ге дейін онлайн тіркеуден өтуі, немесе өтінішті (үлгісі берілген) электрондық пошта арқылы жолдауы қажет.
Байланыс: тел. 8(723) 2 250364, 251770, +77472128331 - What’sApp.
Электронды почта: ukcbs@mail.kz, ukcbs@mail.ru.
Жиенбекова Жанат Мәуітқызы, О. Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары : +77778550705, +7 707 494 9883 – What’sApp.
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов