Кітапхана туралы
«EСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз!
ӨСКЕМЕНДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛЕ МЕ?
«ЭСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз!
ЕРЕЖЕ
Ұйымдастырушылар:
- Өскемен қаласының әкімдігі
- Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
- Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Мерзімі: 2025 жылдың 1-шілдесінен 25-тамызға дейін
Қатысушылардың жас мөлшері: 13 – 17 жас аралығы
Төмендегі сұрақтарды оқып шығыңдар!
Өз Жобаларың арқылы Армандарыңды жүзеге асырып,
байқауға жолдаңдар!
- Өскеменді заманауи қалаға қалай айналдыруға болады?
- Экологиялық таза қалаға айналдыру үшін не істер едің?
- Қалай көркемдеп, көгалдандыруға болады?
- Сәулетін (архитектура) ұлттық заманауи нақышта қалай өзгертер едің?
- Қаланың қай ауданын, немесе көшесін қалай өзгертуді қалайсың?
- Өндірістер мен көліктердің денсаулыққа тигізер зиянын азайту үшін не істер едің?
- Қалай қоқыссыз таза қалаға айналдыруға болады?
- Экологиялық таза қалаға айналдыру үшін қандай заманауи құрал ойлап табуды армандайсың?
Өздерің армандаған болашақ Өскемен
туралы төмендегі технология тәсілдерінің
қалаған түрімен жоба жасаңдар.
Жұмыстарыңды біздің байқауға жолдап,
Жеңімпаз атаныңдар!
- Жасанды Интеллект (ЖИ)
- Иллюстрация
- Компьютерлік графика
- 3D кескіндеу (визуализация)
- Видео
- PPT
- Авторлық жобаны таныстыру мәтінімен (Word) бірге ұсыну керек.
- Бейнематериалдың ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
ӨТІНІШТЕР МЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Байқауға қатысуға өтініш пен жобаны 2025 жылдың 25 тамызына дейін ukcbs@mail.kz электрондық поштамызға жолдаңдар.
Немесе, Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханаға әкеліп тапсыруға да болады.
ӨТІНІШ ҮЛГІСІ:
Аты-жөні | Туған жылы, күні | Мектебі, сыныбы | Шығармашылық жұмыстың тақырыбы | Тұратын мекенжайы | Телефоны және электрондық поштасы |
Жобаны қалай жасау керектігі туралы ақыл-кеңес керек пе?
Ереженің соңында жазылған телефондарға хабарласыңдар.
Кітап ордамыздың IT мамандары көмектесуге әрқашанда дайын.
МАРАПАТТАУ
2025 жылы, 30 тамызда – «Қала күні» мерекесінде.
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ:
- Жастардың туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру;
- Экологиялық мәдениетін қалыптастырып, сауатын арттыру;
- Экологиялық даму мәселесіне назар аударуға және үлес қосуға ынталандыру;
- Заманауи технологияны меңгеруге талаптандыру;
- Өнертапқыштық пен Кәсіпкерлік салаға баулу.
Кітапханамыздың сайты мен әлеуметтік желілеріне жазылып, өздеріңе қажет ақпараттар алуды ұсынамыз!
СҰРАҚТАРЫҢ БОЛСА, ХАБАРЛАСЫҢДАР!
+7 7778550705,
8 (7232) 25-17-70
+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы
КЕЛІҢДЕР, МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов