«EСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық  байқауына қатысуға шақырамыз!

ӨСКЕМЕНДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛЕ МЕ?

«ЭСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық  байқауына қатысуға шақырамыз!

ЕРЕЖЕ

Ұйымдастырушылар:

  • Өскемен қаласының әкімдігі
  • Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
  • Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Мерзімі: 2025 жылдың  1-шілдесінен  25-тамызға дейін

Қатысушылардың жас мөлшері: 13 – 17 жас аралығы

Төмендегі сұрақтарды оқып шығыңдар!

Өз Жобаларың арқылы Армандарыңды жүзеге асырып,

байқауға жолдаңдар!

  • Өскеменді заманауи қалаға қалай айналдыруға болады?
  • Экологиялық таза қалаға айналдыру үшін не істер едің?
  • Қалай көркемдеп, көгалдандыруға болады?
  • Сәулетін (архитектура) ұлттық заманауи нақышта қалай өзгертер едің?
  • Қаланың қай ауданын, немесе көшесін қалай өзгертуді қалайсың?
  • Өндірістер мен көліктердің денсаулыққа тигізер зиянын азайту үшін не істер едің?
  • Қалай қоқыссыз таза қалаға айналдыруға болады?
  • Экологиялық таза қалаға айналдыру үшін қандай заманауи құрал ойлап табуды армандайсың?

Өздерің армандаған болашақ Өскемен

туралы төмендегі технология тәсілдерінің

қалаған түрімен жоба жасаңдар.

Жұмыстарыңды біздің байқауға жолдап,

Жеңімпаз атаныңдар!

  • Жасанды Интеллект (ЖИ)
  •  Иллюстрация
  •  Компьютерлік графика
  • 3D кескіндеу (визуализация)
  •  Видео
  •   PPT  
  • Авторлық жобаны таныстыру  мәтінімен (Word)  бірге ұсыну керек.
  • Бейнематериалдың ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

ӨТІНІШТЕР МЕН  ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Байқауға қатысуға өтініш пен жобаны  2025 жылдың  25 тамызына дейін  ukcbs@mail.kz электрондық поштамызға жолдаңдар.

Немесе, Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханаға әкеліп тапсыруға да болады.

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ:

Аты-жөні    Туған жылы, күніМектебі, сыныбы  Шығармашылық жұмыстың тақырыбы  Тұратын мекенжайыТелефоны және электрондық поштасы
          

Жобаны қалай жасау керектігі  туралы ақыл-кеңес керек пе?

Ереженің соңында жазылған телефондарға хабарласыңдар.

Кітап ордамыздың IT мамандары көмектесуге әрқашанда дайын.

МАРАПАТТАУ

2025 жылы, 30 тамызда – «Қала күні» мерекесінде.

БАЙҚАУ МАҚСАТЫ:

  • Жастардың туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру;
  • Экологиялық  мәдениетін қалыптастырып, сауатын арттыру;
  • Экологиялық даму мәселесіне назар аударуға және  үлес қосуға ынталандыру;
  • Заманауи технологияны меңгеруге талаптандыру;
  • Өнертапқыштық пен Кәсіпкерлік  салаға баулу.

Кітапханамыздың сайты мен әлеуметтік желілеріне жазылып, өздеріңе қажет ақпараттар алуды ұсынамыз!

СҰРАҚТАРЫҢ БОЛСА, ХАБАРЛАСЫҢДАР!

+7 7778550705,

8 (7232) 25-17-70           

+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы

КЕЛІҢДЕР, МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22 

Новости филиалов