Кітапхана туралы
«ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!» – 2025
Дәстүрлі жазғы байқау өткізу
барысымен танысыңыздар!
ЕРЕЖЕ
Ұйымдастырушылар:
Өскемен қаласының әкімдігі
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Байқау мерзімі: 2025 жылдың 20-маусымынан 5-қыркүйекке дейін
Қатысушылардың жас мөлшері: 5 – 15 жас аралығы
Қатысу үшін не істеу керек:
1. Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға оқырман болып тіркелу;
2. Кітапханадан Қазақ Тілінде Ертегілер және Проза, Поэзия кітаптарын алып оқу;
3. Оқыған шығармаларының бірі, немесе бірнешеуі бойынша төмендегі тізімде көрсетілген жанрлардың қалаған түрімен шығармашылық жұмыс орындау. (санына шектеу жоқ).
- Жасанды Интеллектпен бейнеролик жасау;
- Комикс жасау;
- Мультфильм түсіру;
- Көркем шығарма жазу.
- Буктрейлер жасау
- Бұл шығармашылық жұмыстарды біздің Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың заманауи техникаларымен жасауға да болады. Қуана бағыт-бағдар береміз және көмектесеміз!
- Немесе, үйдегі өз құрал-жабдықтарымен де орындауға болады.
- Байқау кезінде қатысушыларға оқыған шығармалары бойынша қосымша сұрақтар қойылады.
Дайындаған шығармашылық жұмыстарды Facebook, TikTok, Instagram, Twitter, LinkedIn және тағы да басқа әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарына төмендегі хэштег сөздерімен қою керек:
#ӨскеменқаласыныңәкімікітапоқуғашақырадыбайқауыОралханБөкейатындағыкітапхана
Жеңімпаздарды анықтау барысында ерекше назар аударылады:
- Оралхан Бөкей атындағы кітапханадан алып оқыған кітаптарының саны;
- Кітап мазмұнын түсініп оқуы;
- Шығармашылық жұмыстарды орындау шеберлігі.
Үздік жұмыстар кітапхананың сайтынде және әлеуметтік желілерінде бұқара назарына ұсынылады.
Жеңімпаздарды марапаттау:
5 қыркүйек – Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өткізіледі.
Өтетін уақыты - сағат 11:00.
Келіңіздер, Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!
87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова
8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов