«ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!» – 2025

Дәстүрлі жазғы  байқау өткізу

 барысымен танысыңыздар!

ЕРЕЖЕ

Ұйымдастырушылар:

Өскемен қаласының әкімдігі

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Байқау мерзімі:  2025 жылдың  20-маусымынан  5-қыркүйекке дейін

Қатысушылардың жас мөлшері:  5 – 15 жас аралығы

Қатысу үшін не істеу керек:

1. Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға  оқырман болып  тіркелу;

2.  Кітапханадан Қазақ  Тілінде Ертегілер және  Проза, Поэзия кітаптарын алып оқу;

3. Оқыған  шығармаларының бірі, немесе бірнешеуі  бойынша   төмендегі тізімде  көрсетілген  жанрлардың  қалаған түрімен   шығармашылық жұмыс орындау. (санына шектеу жоқ).

  • Жасанды Интеллектпен бейнеролик жасау;
  • Комикс жасау;
  • Мультфильм түсіру;
  •  Көркем шығарма жазу.
  • Буктрейлер жасау
  • Бұл  шығармашылық  жұмыстарды біздің Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың  заманауи  техникаларымен  жасауға  да болады.  Қуана бағыт-бағдар береміз және көмектесеміз!
  • Немесе, үйдегі өз  құрал-жабдықтарымен  де  орындауға  болады.
  • Байқау кезінде  қатысушыларға  оқыған  шығармалары  бойынша қосымша сұрақтар қойылады.

Дайындаған  шығармашылық  жұмыстарды  Facebook, TikTok, Instagram, Twitter, LinkedIn және тағы да басқа әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарына төмендегі хэштег сөздерімен қою керек:

#ӨскеменқаласыныңәкімікітапоқуғашақырадыбайқауыОралханБөкейатындағыкітапхана 

Жеңімпаздарды  анықтау  барысында  ерекше  назар аударылады:

  • Оралхан Бөкей атындағы   кітапханадан  алып оқыған  кітаптарының  саны;
  • Кітап  мазмұнын  түсініп  оқуы;
  • Шығармашылық  жұмыстарды орындау шеберлігі.

Үздік жұмыстар кітапхананың  сайтынде  және әлеуметтік  желілерінде  бұқара назарына ұсынылады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

5 қыркүйек – Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өткізіледі. 

Өтетін уақыты - сағат 11:00.

Келіңіздер, Мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!

 87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова

8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64

Новости филиалов