Кітапхана туралы
100 КІТАПТЫ БІРГЕ ТАҢДАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Проза, Поэзия, Фантастика және Публицистика бойынша өздеріңіз ықыласпен оқыған кітаптарды мына сілтеме https://100kitap.kz арқылы 100 кітаптың тізіміне ұсыныңыздар!
Ұлттық сауалнама 23 шілдеде аяқталып, Хәкім Абайдың туған күні – 10 тамызда қорытындыланады.
Бұқаралық шараға үн қоса алмай, «АЙ, ҚАП» деп өкініп қалмаңыздар!
Естеріңізде болса, былтыр өткен Ұлттық Құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «23 сәуір – Ұлттық Кітап күні» деп белгіленді. Ал биыл тұңғыш рет атап өтіліп, қазақ әдебиетіндегі танымал 100 кітапты таңдау сауалнамасы басталды.
Мақсаты:
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дәріптеу, кітап басып шығару ісін жетілдіру және кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттыру арқылы санасы сәулелі, ұлттық рухы жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Биыл Ел болып 180 жылдығын атап өтіп жатқан Хәкім Абайша айтсақ «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге».
Другие новости
29 тамыз 2025

Қазақстан Республикасының Ата Заңы және «Қала...
Қазақстан Республикасының Ата Заңы және «Қала күні» мерекелеріне орай шаһарымыздағы «Император»...
29 тамыз 2025

Заңдылық пен тәртіптің бұлжымас кепілі
30 тамыз – Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы.Осы уақыт аралығында Ата Заңымыз еліміздің дамуы...
29 тамыз 2025

Тәртіп сақшыларына Ата Заңның тарихы туралы т...
Ата Заңның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға келушілер саны толастамауда.Кітапханамызға...
Новости филиалов