Кітапхана туралы
АЙДАРБЕК ҒАЗИЗҰЛЫНЫҢ «АСТАРЛЫ АҚИҚАТЫ»










Күршім өңірінің Теректібұлақ ауылында өмірге келіп, төрткүл әлемді туындыларымен таң қалдырған суретші – карикатурашы АЙДАРБЕК ҒАЗИЗҰЛЫНЫҢ шығармашылық көрме – кездесуін өткіздік.
Суретші «АСТАРЛЫ АҚИҚАТ» атты рухани кешін мектеп бітіргендеріне 50 жыл толуына және өнер шамшырағын жаққан ұстазы УАШ АХАЕВАҒАНЫҢ құрметіне арнаған екен.
Алыс – жақыннан жиналған жұртшылық сурет көрмесіндегі астарлы ақиқат тұнған туындыларды тамашалап, тәнті болды.
Дара дарынның қылқаламынан ақ қағазға ақтарылған суреттерден Қазақтың мұңы мен күллі Адамзаттың қайғысына куә боласыз. Өзекті мәселе тұнған пәлсапалық суреттер!
Кеш жалғасында суретшімен сырлы сұқбат өрбіді. Ұстазы Уаш Ахаеваның, замандастары, сыныптастары мен жерлестерінің ақ жарма тілектері ақтарылды.
АЙДАРБЕК ҒАЗИЗҰЛЫ Еліміздің және Әлемнің 50-ден аса мемлекетінде өткен суретшілер көрмесіне қатысып, республикалық және халықаралық деңгейдегі 70-ке жуық жүлдеге ие болған. ҚР Жастар Одағы сыйлығынан бастап жалғастыра берсек, атақ-марапаттарын жазып тауыса алмаспыз...
130-дан астам суреті Қазақстанның және жаһанның көптеген елдерінің белді басылымдарында жарияланды. Болгарияның Ұлттық мұражайына қойылды.
АЙДАРБЕК ҒАЗИЗҰЛЫ!
Шартарапты шарлаған шығармашылығыңыз шарықтай берсін! Қанатты қылқаламыңызбен Қазақ руханиятына қосар қазынаңыз келешекте де жалғасуына тілектеспіз!
Құрметті Достар, Айдарбек Ғазизұлының «АСТАРЛЫ АҚИҚАТ» атты сурет көрмесі бір апта бойы жұмыс істейді! Келіңіздер, Қазақ пен күллі Адамзаттың өзекті мәселелері туралы суреттер сөйлейді!
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов