«100 КІТАПҚА – ҰСЫНАМЫН!»

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана жариялаған «100 КІТАПҚА – ҰСЫНАМЫН!» атты қалалық әдеби байқаудың қорытындысы шығарылды. Оған кітапты жанына серік етіп, талаптың тұлпарына мінген 10-ға жуық адам қатысты. Әрқайсысы өзі сүйіп оқып, ерекше ой түйген бірнеше кітапты «Үздік 100 кітап» тізіміне ұсынды. Тек сөзбен айтып қана қоймай «eGov Mobile» қосымшасы арқылы порталға кіріп, басты беттегі «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырма арқылы өздері таңдаған кітаптарды жазып шықты.

Бір айта кетерлігі, қатысқандардың көбі жастар болды. Олар ұсынған кітаптардың ішінде Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" туындысы, Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" повесі, Таласбек Әсемқұл мен Сәуле Досжанның шығармалары кездесті.
Халықты кітап оқуға шақыратын байқауларымыз бен түрлі шараларымыз осымен тоқтамайды. Сол үшін бізбен бірге болыңыздар!

Новости филиалов