«BlueFox» орталығының балалары – кітапханада! Шығармашылық пен технологияға толы жарқын күн!

«BlueFox» ақыл-ой дамуында кінәрат бар балаларға арналған бейімдеу орталығының ұл-қыздары кітап ордамызға қонаққа келді. Заманауи жобаларымыз бойынша жүзеге асырылған жаңашыл технология қызметтерімен танысты. Оқырмандар кітапханаға жазылатын RFID-технология жүйесінің жұмысын да көрсеттік. «Ұлттық Киім – Ұрпаққа аманат» атты интерактивті көрмемізде қазақтың түрлі ұлттық киімдерін тамашалады. Тіпті, өздеріне ұнаған үлгілерді «киіп» көріп, мәз-мейрам болды. Сенсорлы үстелде жан-жақты дамыту ойындарын ойнады. «Менің ғажап әлемім!» атты мультстудияда мұқитта мекен ететін тіршілік иелерін түрлі түстермен бояп, «жан бітірді». Өз қиялдарындағы мультфильмдерін түсірді. «TechnoSHEBER» атты шеберлік орталығымызда 3D принтер арқылы өздері қалаған түрлі бейнелерді басып шығаруды үйренді.
Осылайша, балалар жарты күндерін шығармашылықпен өткізді.

Новости филиалов