Ата Заңымызға – 30 жыл!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Ата Заңына – биыл 30 жыл.
Осы жылдар ішінде қазақстандықтардың құқығы мен бостандығының бұлжымас кепіліне айналған басты құжат өз миссиясын адал атқарып келеді.
Кіріспеден және 10 бөлім мен 99 баптан тұратын Конституцияның 1 бабы, 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, .. «Негізгі заң біздің қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттардан тұрады. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрқайсысымыз үлес қосып келеміз… Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру..».
Конституцияның 30 жылдығына орай кітапханамызда қомақты шаралар жүзеге асырылуда.
Осы шаралармен танысуға кітапханамызға ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің, Өскемен қаласы ТЖБ қызметкерлері арнайы ат басын бұрып, Ата Заңымызбен байланысты деректермен танысты. Құтқарушы, өрт сөндірушілер, сонымен қатар, ел тарихындағы заңнамалар тұрғысында кең мағлұмат алды. Деректі фильмдер көрсетілді.

Новости филиалов