Қазақстан халқы тілдері күні

📚 Бүгін, Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға №96 балабақшаның тәрбиеленушілері қонаққа келді.

Балаларға кітапхананың заманауи жобалары таныстырылды: VR-ЮРТА, TechnoШЕБЕР (3D-принтерлер), біздің AR-көрмелеріміз. Бағдарламаның негізгі бөлімінде бүлдіршіндер еліміздің мәдени әралуандығымен танысты:
🌍 түрлі тілдердегі амандасуларды үйренді,
📜 мақал-мәтелдерді еске түсірді,
🎨 ал соңында өз тілектерін «Достық Күншуағына» түрлі-түсті суреттер арқылы қалдырды.

✨ Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймыз!

Новости филиалов