Өз отбасыңа сыйлық

✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік сағаты өтті.

Бізге №30 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қонаққа келіп, «Өз отбасыма сыйлық — өзім жасаймын!» 🎁 атты іс-шараға қатысты.

Балалар 3D-принтердің мүмкіндіктерімен танысып, өз қолдарымен жақындарына естелік болатын ерекше бұйымдар жасады.

Сонымен қатар, бүлдіршіндер Мультстудиямызға барып, өздерін аниматор ретінде сынап көрді: «Жандалған суреттер» жүйесінің көмегімен сүйікті кейіпкерлерін түрлі локацияларда «тірілтті» 🎨✨

Мұндай кездесулер балаларға шығармашылық әлеуетін ашуға, туған-туыстарына қамқор болуға және отбасылық дәстүрлердің құндылығын арттыруға ықпал етеді.

Новости филиалов