Өмірбаяны
Куаныш Еркінұлы

Қуаныш Еркінұлы – 1994 жылы 3 қазанда Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында өмірге келген. 2004 жылы – отбасымен тарихи Отанын оралып, ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылына көшіп келген. 2004 – 2009 жылдары Бозанбай орта мектебінде білім алды.

Осы білім ордасында музыка пәнінің мұғалімі Ерлан Бақытғалиұлы домбыра үйретіп, өнер жолын бастаған. Аудандық, облыстық домбырашылар байқауына қатысып, жүлделі орындар иеленеді. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөксөк Қуанышбайқызы Қуаныштың дарынын байқап, алғыс өрнегіне бағыттайды.

2009 жылы – ШҚО мамандандырылған «Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатында» оқушы атанады. Осы білім шаңырағында дарынды ұстаз Камина Бітебаеваның авторлық сыныбында дарынын дамытып, әдеби сахнасына шығады.

2016 жылы – Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімін бітіреді. Бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы «Жаһан» балалар өнер мектебінде көркемсөз пәнінің мұғалімі, «Астана Нұрбаев атындағы облыстық дарынды мектептің» ұстазы және «Оралхан Бөкей атындағы кітапхана» қызметкері болып еңбек жолын жетістіктермен жалғастыруда.