Кітапхана туралы
Марапаттары және Айтыстағы жүлделері
2014 жылы – Өскеменде өткен «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық ақындар айтысының ІІ орын иегері. 2015 жылы – Монғолияда Шәку Есілбайұлының 350 жылдығына арналған халықаралық айтыстың бас жүлдегері. 2016 жылы – Қостанайда өткен «Тәуелсіз жастар жырлайды» атты республикалық айтыстың І орын жүлдегері. 2016 жылы – Ақмола облысы, Ерейментау ауданында өткен республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері. 2017 жылы – Қарағандыда Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысының ІІІ орын иегері. 2018 жылы – Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында өткен «Туған жерге Туыңды тік!» атты халықаралық ақындар айтысының Бас жүлдегері. 2018 жылы – Астанада өткен «Алтын домбыра» айтысының ІІІ орын иегері. 2018 жылы – Атырау қаласында Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының ІІ орын иегері. 2019 жылы – Солтүстік Қазақстан облысында өткен республикалық ақындар айтысының І орын жеңімпазы. 2019 жылы – Монғолия Республикасының Баян Өлгей аймағында Байтемір батырдың 125 жылдығына арналған халықаралық айтыстың І орын жеңімпазы. 2020 жылы – Астанада өткен «Адамзаттың алыбы - Хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысының ІІ орын иегері. 2020 жылы – Астанада қаласында өткен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының ІІІ орын иегері. 2021 жылы – Қызылорда қаласында өткен «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты ақындар айтысының ІІ орын иегері. 2021 жылы – Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ақындар айтысының Бас жүлдегері. 2021 жылы – ШҚО Үржар ауданында Зейнолла Сәнік қорының ұйымдастыруымен өткен ақындар айтысының ІІ орын жүлдегері. 2021 жылы – «Асылтас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жүрсін Ерманның 70 жасқа толу мерейтойына орай Алматыда өткен «Асыл Домбыра» республикалық ақындар айтысының ІІІ орын иегері. 2022 жылы – Атырау және Петропавл қалаларында өткен республикалық ақындар айтысының І орын жеңімпазы. 2023 жылы Өскемен қаласында өткен «Көкжарлы көкжал Барақ» республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері.