Өмірбаяны
1975 жылы Тарбағатай ауданының «Жаңа ауыл» ауылында туған.
1982 жылы Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауылында М.Горький атындағы орта мектепке қабылданып, 1992 жылы аталмыш орта мектепті тәмамдаған.
1992-1993 жыл аралығында осы ауылдағы мәдениет үйінде қызмет істеді.
1993 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің музыка бөліміне оқуға түсіп, 1998 жылы осы оқу орнын «Музыка мұғалімі және музыка жетекшісі» мамандығы бойынша бітірген.
1998-2003 жылдар аралығында Өскемен қаласындағы Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында кітапханашы қызметін атқарды.
2003-2005 жылдар аралығында ШҚМУ-нің «Ақындар мектебінің» жетекшісі болды.
2005-2007 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бөлімін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігі бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.
2005-2021 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасындағы қызметін қайта жалғастырып, бөлім меңгерушісі болды.
2021 жылы О.Бөкей атындағы № 44 мектеп лицейіне ұстаздық қызметке ауысты.
2022 жылдан бастап қазіргі таңға дейін А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінде еңбек етіп келеді.
2023 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚУ магистратурасын тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі атанды.