Шығармашылығы
Құралай Қалиятқызы — ұлттық өнерімізді, соның ішінде айтыс өнерін, дәстүрлі ән-күйді және поэзияны насихаттауда үлкен үлес қосып келе жатқан жан-жақты дарынды өнер иесі.
Айтыс өнері
  • Құралайдың өнерге деген бейімі бала жасынан айқын көрініп, ол айтыс сахнасына ерте араласқан.
  • Айтыстағы алғашқы ұстазы — ақын Абаш Кәкенов. Оның қамқорлығы мен бағыт-бағдары Құралайдың ақындық жолын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
  • 1987 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
  • 1992 жылы Дәулетбай бабасының тойында алғаш рет үлкен сахнада айтысқа шығып, көрерменнің көңілінен шықты.
  • 1990-жылдардың басында қатарлас шыққан белгілі айтыскерлермен бірге өнер көрсетіп, қазақтың сөз өнерін жаңа деңгейге көтеруге үлес қосты.
  • Абайдың 150 жылдық тойындағы айтыста өнер көрсетіп, өзіндік тапқырлығымен дараланды.
  • Ұтқыр жауап, өткір әзіл, салиқалы оймен өрілген айтыстар Құралай ақынның шығармашылығының басты белгісі болды.
  • Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілері одағының мүшесі.
Жарқынбек Наушабеков пен Құралай Камалиеваның айтысы
Аманжол Әлтаев пен Құралай Камалиеваның айтысы