Кітапхана туралы
Өмірбаяны
1959 жылы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келген.
1966 жылы – Көлбай Төгісов мектебіне 1 сыныпқа барып, 1974 жылы 8 сыныпты бітірген.
«Айдын» комсомол жастар бригадасында еңбек жолын бастаған.
1976 жылы – кеңшар жолдамасымен аудан орталығы Ақжарда кәсіптік техникалық училищеде оқып, тракторшы мамандығын алады.
1977 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылады.
1979 жылдың күзінде әскер қатарынан оралып, кеңшарда мамандығы бойынша жұмыс істеген.
1981 жылы Риддер қаласында қысқартылған мерзімде бір жылдық жоғарылау курсында оқып, жетекші басқарушы мамандығын алып шығады.
1982 жылы тракторшылар бригадасының жетекшісі болып еңбек ете жүріп, ақындық жолды бастайды.
1984 жылы аудандық айтысқа қатысып, І орынға ие болады.
1984 жылы облыстық ақындар айтысына қатысып І орын иеленеді және облыстың «Бас Ақыны» атағын алады.
1987 жылы ауылдық мәдениет үйінің директоры болып мәдениет саласындағы қызметін бастайды.
1988 жылы аудандық мәдениет бөлімінде автокөліктер клубының меңгерушісі болып қызметін жалғастырады.