Марапаттары және Айтыстағы жүлделері
1988 жылы - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы адуынды ақын Манап Көкеновпен айтысып, батасын алған. Оның ақындығына риза болып, болашақ өнеріне сенім артқан Манап ақын басындағы тақиясын кигізіп, 18 жыл ұстап келе жатқан Домбырасын өз колымен Серікханға сыйлаған.
Талдықорған қаласында өткен «Біржанның інілері, Сараның сіңілілері» атты республикалық ақындар айтысына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген.
1990 жылы – Ақтөбе облысының 120 жылдық тойы мен Құдайберген Жұбановтың 90 жылдық мерейтойына арналған айтыста жүлдегер атанған.
Торғай облысында «Үш арыс» деп аталған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері.
Қостанай қаласында өткен Ыбырай Алтынсарин атындағы ақындар айтысының 1 орын иегері.
Семей қаласында Желтоқсан Көтерілісіне арналып өткізілген республикалық ақындар айтысының Бас Жүлдегері.
1992 жылы – Тарбағатай ауданында Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық ақындар айтысының 1 орын иегері.
Алматы қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының жүлдегері.
Айтыскер ақынның дарынына риза болған Жүрсін Ерманов: «Серікхан ұлтымыздың айтыс өнерінде бұрынғы ақындардың үрдісімен келе жатқан төкпе ақын» деп жоғары баға берген.