Кітапхана бөлімшелері туралы

№ 5 кітапхана-филиалы – бұл білім мен ақпараттың мекені, мұнда сіз өз біліміңізді толықтырып қана қоймай, достарыңызбен қызықты уақыт өткізе аласыз.

Ересек оқырмандар үшін түрлі тақырыптағы әдебиеттер, мерзімді басылымдар және оқуға, ойлануға, кітапханашымен әңгімелесуге жайлы орта қарастырылған.

Ал балалар үшін қызықты кітаптарға, үстел ойындарына, жұмбақтар мен құпияларға толы балалар бөлмесі бар. Ыңғайлы пуфикке жайғасып, қолыңызға қызықты кітап пен жұмсақ ойыншықты алып, фантастика мен шытырман оқиғалар әлеміне саяхат жасауға болады. Әр бала өзіне ұнайтын іспен айналыса алады. Қазақ тілінде сөйлеп үйренгіңіз келе ме? «Кел сөйлесейік» сөйлесу клубына келіңіз. Papitama ойын картасымен бірге саяхат жасап, шахмат пен дойбы ойнауды үйреніп, қызықты кітаптарды оқып, натюрморттар, пейзаждар мен суреттер салып, «Оқимыз, ойнаймыз, сурет саламыз» шығармашылық студиясында өнермен айналыса аласыз. Ал 3D-қаламмен ABS-пластикті пайдаланып, ауада көлемді фигуралар жасауға болады.

Біздің кішкентай тірі бұрышымызда жануарларды тамақтандырып, олармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар.

Кітапхана құрылымы – ересектер мен балаларға арналған залдардан тұрады.

№ 5 кітапхана-филиалының оқырмандары – мектеп жасына дейінгі балалар, орта мектеп оқушылары, колледж студенттері, жоғары оқу орындарының студенттері, қызметкерлер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер және басқа да тұрғындар санаттары.

img
img
img
Сейсенбі-Жұма:
9:00-18:00
Сенбі, жексенбі:
10:00-18:00
Дүйсенбі
Демалыс
Тазалық күні:
айдың соңғы жұмасы
#
Севастопольская көшесі, 16/1
Показать на карте
#
+7(7232) 75-99-85
Позвонить
#
filial5@kitaphana.kz
Написать письмо
Бөлімшелер жаңалықтары