№ 6 кітапхана бөлімшесі - «Аблакетка» шағынауданының ақпараттық мәдени орталығы.
Жыл сайын 2300-ден астам тұрақты оқырман біздің кітапханаға келеді!
Балалар, ата-аналар, жастар мен зейнеткерлер, жұмысшылар мен қызметкерлер – барлығы да кітапхана қызметтерін пайдаланып, жаңа білім мен ақпарат алады.
Кітапхана қорында 11500-ден астам басылым бар: анықтамалық, ғылыми, оқу, көркем әдебиет, аудио және бейнемазмұндар, электронды ақпарат. Интернет, заманауи бейне жабдықтар, компьютерлер мен мультипликациялық жабдықтар пайдаланушыларымызға түрлі қызмет түрлерін ұсынады.
Біз №13, №14 орта мектептерімен, сондай-ақ «Айналайын» және «Балауса» балабақшаларымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Әр түрлі тақырыптық кештер мен конкурстар ұйымдастырып, шығармашылықты дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.
Шығармашылық үйірмелеріміз:
1.“Оқимыз, ойланамыз, жасаймыз” шығармашылық клубы
Бұл клуб балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқылған кітаптардан алған әсерлерін талқылап, сурет салу, қолөнер жасау және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындайды. Клуб мүшелері өз идеяларын жүзеге асырып, ойлау қабілеттерін дамытады.
2.“Кел, тыңда, оқиық” дауыстап оқу үйірмесі (3-7 жас)
Балалардың тілін дамытуға, оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған үйірме. Бұл үйірмеде балалар кітаптарды дауыстап оқып, сөйлеу мәнерін жақсартады және оқығандарын жақсы түсінеді. Оқу процесін қызықты әрі қуанышты етуге ерекше назар аударылады.
3.“Кел, сөйлесейік! - Приходи, поговорим!” өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету үйірмесі
Қазақ тілін үйренуге ниетті өзге ұлт өкілдеріне арналған үйірме. Мұнда қатысушылар қазақ тілінің грамматикасын, сөздік қорын меңгереді және күнделікті өмірде қолданылатын сөздер мен тіркестер арқылы еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырады.
Біздің кітапханаға қош келдіңіз!
Ақпарат алу және қызықты шараларға қатысу үшін Instagram-да @filial6_biblioteka_cbs_uka парақшамызды бақылап, немесе 29-45-02 телефонына қоңырау шалсаңыз болады.







