Кітапхана туралы
Кітапхана бөлімшелері туралы
«Борис Щербаковтың жасыл үйі» кітапхана-бөлімшесі тұрғындардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық сананы қалыптастырумен айналысады.
Бұл ең алдымен табиғатты құрметтеуге, тәрбиелеуге бағытталған кітаптар, ғалымдармен кездесулер, оқу-зерттеу экобағдарламалары және басқа да іс-шаралар арқылы өңіріміздің қоршаған ортасы туралы білім алуға арналған алаң.
Жерлесіміз орнитолог, биология ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы жазушы – Борис Васильевич Щербаковпен экосабақтар, шеберлік сағаттары, тақырыптық кездесулер өткізіледі. Ғалым-биолог Шығыс Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтаумен жұмыс жасап келеді.
Кітапхана экологияны терең зерттеуге қызығушылық танытатын оқушылар мен студенттерге келесі тақырыптық бағыттар бойынша оқыту сабақтарын өткізеді: биоәртүрлілік, энергия үнемдеу, суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, жергілікті тұрғындарды экологиялық тұрғыдан сауаттандыру. Балалар экология негіздерімен танысады, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын меңгереді, зертханада тәжірибелер жасайды. Экологиялық акциялар мен шараларға а қатысады .
Кітапханаға келген балалардың әрқайсысы өз қызығушылықтарына сәйкес әрекетті таңдай алады:
- - «Эко-Град» мультфильм-студиясының үйірмесі,
- - «Жас эколог» экоклубы,
- - «Сиқырлы қағаз» модельдеу үйірмесі,
- - «Қанаттан » импровизация психологиялық театры,
- - қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған тіл курстары.
Кітапхана құрылымы: ересектерге арналған абонемент, балалар абонементі, оқу залы, балалар ойын бөлмесі. Кітапханада оқырмандар үшін қолайлы: анықтамалық әдебиеттер аймағы, мерзімді басылымдар аймағы, ертегілер бұрышы, жасыл бұрыш, шеберхана жұмыс жасайды.
Кітапхана оқырмандары – әртүрлі жастағы тұрғындар.
Кітапхана заманауи компьютерлік және көшірме техникасымен, теледидар, DVD құралдарымен жабдықталған. Пайдаланушыларға бейне басылымдар, электронды оқулықтар, энциклопедиялар, анықтамалықтар, мамандандырылған деректер базалары ұсынылады.
Мұнда әркім өзі үшін жаңалық ашады: қызықты кітап, көрнекі альбомдар, танымдық ойындар және т.б. Көңілді демалысқа үлес қосатын - қызықты дизайны бар жайлыда жарық бөлмелер.
Дүйсенбі:
демалыс
Сейсенбі-Жұма:
9:00 - 18:00
Сенбі-Жексенбі:
10:00-18:00
Тазалық күні:
айдың соңғы жұмасы

Б. Гагарина, 24
Показать на карте

+7(7232) 78-20-77
Позвонить

jasil_filial2@mail.ru
Написать письмо
Бөлімшелер жаңалықтары