Орталық балалар кітапханасындағы қуанышты бір жаңалық - «Ғарышқа жол кiтапханадан басталады» атты жоба жүзеге асырылды. Жоба бойынша кітапхана ішінде құрылған күмбезді ғарыш үйі – Планетарийдегі жартылай сфералық экранда оптикалық - механикалық проектор және сандық технология арқылы жұлдызды аспанды тамашалап, ғарыш денелерін көруге болады. Сонымен бірге, бұл заманауи құрал - жабдықтар арқылы Жер мен Аспан әлемі туралы арнайы бағдарлама құрып, көрсету мүмкіндігі де бар. Балалар шығармашылық студияларда ұйымдастырылатын тақырыптық ойындарға қатысып, қиялдарына қанат бітіретін болады. Ғарыш алаңы – оларды армандарға жетелейді!
Балалар кітапханасында түрлі орталықтар белсенді жұмыс істейді. Атап айтқанда: Балалар оқуы және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту орталығы, Мүмкіндігі шектеулі жастар мен балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы, Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру орталығы.
Орталық балалар кітапханасы – балалардың руханият мекені. Бұл жерде бала-оқырмандар түрлі кітаптар оқып, білімдерін байытады. Қиял-ғажайыптар мен ертегілер әлеміне саяхат жасап, шығармашылықпен айналысады. Түрлі тақырыптардағы әдеби-мәдени, танымдық, спорттық шараларға қатысып, өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.
Орталық балалар кітапханасында абонемент, оқу залы, бос уақытты тиімді өткізу және шығармашылық залы, Интернет-сыныптар балаларға мүлтіксіз қызмет көрсетеді.
Орталық балалар кітапханасында бала оқырмандарды құшақ жая қарсы алатын білікті де, мейірімді кітапханашылар қызмет етеді. Олар кітап оқуға тарту арқылы балалардың білім-танымын байыту бағытында түрлі тақырыптарда жылына жүздеген шаралар өткізеді.
Орталық балалар кітапханасы атты бұл шығармашылық шеберханасында 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар өнертапқыштық өрістерін кеңейтеді. Қиялдарына қанат қақтырып, өз қолдарымен түрлі туындылар жасайды.
Орталық балалар кітапханасы – бұл қашықтағы пайдаланушыларының компьютеріне кез келген ақпаратты тегін жеткізіп беретін әлеуметтік –ақпараттық мәдени орталық.
Орталық балалар кітапханасы – бұл құстар мен басқа да тіршілік иелерін көрсетіп, таныстыру арқылы балаларды қоршаған ортаны танып-білуге, сақтап - аялауға үйрететін табиғатты таныстыру орталығы.
Орталық балалар кітапханасы – ата-аналарға арналған әдістемелік орталығы (балаларды кітап оқуға тартуды ата-аналарға үйрету, ата-аналар жиналысын өткізу, жеке ақыл-кеңестер беру және т.б.).
Орталық балалар кітапханасы – мультфильмдер, танымдық және көркем фильмдер көру орталығы.
Орталық балалар кітапханасы – балаларға ақпаратты жедел іздеп, табу жолдарын үйрету орыны.
Кітапхананың мекенжайы:
Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 54
Телефондары: +7(7232) 26-26-43
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 19.00
Сенбі: 10.00 - 18.00
Жексенбі: демалыс
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы