«NON-FICTION» – Көркем әдебиет және танымдық - тағлымдық, ғылыми тұрғыдағы құнды кітаптар біздің қорымызда көп! Әрқайсысы туралы кітапхана қызметкерлері айтып береді. Көріңіздер, тыңдаңыздар, танысыңыздар және қалаған кітапты алыңыздар!

26.05.2022 ж.
Көркем сөйлеп, көрегенділік танытыңыз!
Кітапханамызда оқырмандарымыздың сұранысымен арнайы тапсырыс берілген жаңа кітаптар аз емес. Оқырман қауымға жол тартқан таңдаулы туындыларды оқып жан-жақты дами аласыз. Ендеше, сіздердің сөздік қорларыңызды арттыру мақсатында ұсынылып отырған «Аталы сөз- Ақылға көз» кітабын оқып, мақалдата сөйлеуді үйреніңіз.
Кітаптарды қазір және осы жерде кітапхана сайты арқылы БРОНДАУҒА болады.

18.05.2022 ж.
Адам қашан да ұрпағымен қымбат. Ал тәрбие – ізгіліктің түп негізі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Сіз балаңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз? Ұрпақ тәрбиесінде қандай қателіктерге жиі бой алдырасыз? Санаңыздағы сан-алуан сауалға Анна Быкованың «Өз бетімен әрекет ететін бала, немесе, еріншек ана болудың жолдары» атты кітабынан жауап іздеңіз.
Ендеше, кітапханамызға қарай асығыңыздар. Біз сіздерді асыға күтеміз!
Кітаптарды қазір және осы жерде БРОНДАУҒА болады.

12.05.2022 ж.
Таласқа түскен тағдыр мен ауырумен арпалысқан арудың жан дүниесін түсінгіңіз келсе кітапханамызға келіп «Үмітке толы жолдар » кітабын алып оқыңыз.

29.04.2022 ж.
Оқырмандардың жоғары сұранысына ие болған, Қуаныш Шоңбайдың «Екінші болма» кітабын енді біздің кітапханамыздан алып оқи аласыздар. Бизнес саласының қыры мен сырын тереңдей түсінгіңіз келсе кітапты алып оқуға асығыңыз.

13.04.2022 ж.
Тасқа жазылған тарихтың сізбен бізге беймәлім тұстарын тереңдей түсінетін уақыт келген сыңайлы. Ол үшін кітапханамыға келіп, Қаржаубай Сартқожаұлының «Тас кітаптың құпиясы» атты кітабын оқыңыз. Көкейіңіздегі сан-алуан сауалға жауап алатыныңызға сенімдіміз.

28.02.2022 ж.
Қалағаныңызға жедел қол жеткізгіңіз келе ме?
Әлбетте! Ендеше "Экстремальный тайм-менеджмент" атты кітапты біздің кітапхананың bokeylibrary.kz сайты арқылы алуыңызға болады!
Экстремально успевать и ПРЕуспевать все и во всем?
Возможно с книгой «Экстремальный тайм-менеджмент».
Читайте в нашей библиотеке - бронируйте через bokeylibrary.kz






Бұл еңбек тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып, оқырмандарға жол тартты. Дейл Карнегидің кеңестерімен танысқан жер шарының миллиондаған тұрғыны өз өмірін өзгертіп, бақытты болудың формуласын тапты. Қазақ оқырмандарын да алаңдатқан мәселелерді жан-жақты аралап, шешім табуына септігін тигізетініне сенімдіміз.

Күндеріңіз көңілсіз өтіп жатыр ма?
Сәтсіздіктерден жалықтыңыз ба?
Әрине, өміріңіз қуаныш пен жақсылыққа бөленгенін армандайсыз ғой...
Ендеше, сізге оған жетудің жолын айтайық.
Ермек Амерхановтың «ӨМІР ҒАЖАП!» атты керемет кітабын оқуды ұсынамыз!