Image

«ZOOM-КЕЗДЕСУЛЕР» –  Түрлі тақырыптағы шараларды көріп, танымал тұлғалармен  танысыңыздар! Сан саланың білікті мамандарымен жүздесіп,  танымдық-тағлымдық сұқбаттарды  тыңдаңыздар!

Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайға саяхат.
 
Бүгін Оралхан Бөкей кітапханасына қарасты № 6 кітапхана-бөлімшесіндегі әріптестеріміз оқырмандар үшін тағы бір танымдық-тағлымдық тұрғыдағы ZOOM жүздесу өткізді. Орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдық мерейтойына арналған шараға Семейдегі Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражай қызметкерлері қатысты. Бас қор сақтаушысы Т.Г.Титаева мұражайға саяхат жасай отырып, залындағы құнды жәдігерлермен, құжаттармен және сирек кездесетін кітаптармен таныстырды. Достоевскийдің 1857 – 1959 жылдар аралығында Семейде тұрған үйінің мұражайға айналу тарихы, жазушының шығармашылығы және қазақтың тарихшы, фольклортанушы, ағартушы-демократ ғалымы Шоқан Уәлихановпен достығы туралы да әңгімелеп берді. Өз кезегінде шараға қатысушылар сан сауалдар қойып, деректі жауаптар алды.

                ПИСАТЕЛЬ, ПОТРЯСАЮЩИЙ ДУШУ

2 ноября на платформе ZOOM состоялась встреча, организованная коллективом библиотеки-филиала №6 с сотрудниками литературно-мемориального музея Достоевского г.Семея к 200-летию со дня рождения писателя. В ходе встречи главный фондохранитель Титаева Т.Г. рассказала об истории создания музея, провела виртуальную экскурсию по залам, где собрана редчайшая коллекция книг, документов и свидетельств о жизни и творческом пути великого русского писателя. Экскурсовод выделила раздел, связанный с культурой казахского народа, остановилась на дружбе Ф.Достоевского и Ч. Валиханова. В конце зав. филиалом-библиотекой №6 Лях Е.В. были заданы вопросы, на которые были получены исчерпывающие ответы. Информация оказалась интересной и полезной для всех читателей, интересующихся творчеством знаменитого писателя.

ПАТШАЛАР ЖАЗЫҒЫНЫҢ КЕРЕМЕТТЕРІ

2021 жылы 27 қазанда өткен Катонқарағай өлкесіндегі Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің қор сақтаушысы Ж.Е.Ерланованың қатысуымен «Патшалар жазығының кереметтері» тақырыбындағы онлайн-кездесуді көруге шақырамыз.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға қарасты №8 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында Берел қорымының құпиясы туралы қызықты сұқбат тыңдап, патшалар жазығынан табылған Ата - Баба жәдігерлеріне куә боласыздар!
Тарихи тәлімді кездесуді көруді ұмытпаңыздар!

"Бөрісоқпақ" кітабының авторы Дәурен Қуатпен сұхбат

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап" акциясы аясында №1 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Бөрісоқпақ" кітабының авторы "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, жазушы, журналист Дәурен Қуатпен сұхбат өтті.

Тоқтарәлі Таңжарық "Түн парақтары"
 
Құрметті оқырмандар талантты жазушы, ақын Тоқтарәлі Таңжарықтың қатысуымен өтетін зумдағы кездесуге қатысуға шақырамыз!!! Тоқтарәлі Таңжарық есімін қазақ поэзиясында үлкен де, кіші де білері анық. Бүгінге дейін республикалық басылымдарда өлеңдері мен мақалалары үзбей жарияланып келген ақынның "Жалын" баспасынан «Түн парақтары» атты шағын топтамасы жарық көрген болатын. Польшада төрт жылда бір рет өтетін Еуропа ақындарының фестиваліне Эстония, Белгия, Хорватия, Швейцария, Австрия, Грекиямен қатар Қазақстан жазушыларынан Тоқтарәлі Таңжарық қатысқан еді.Автордың осы "Түн парақтары" өлеңдер жинағы Польша тіліне аударылған.

Ы. АЛТЫНСАРИННЫҢ МУЗЕЙ-ҮЙІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті оқырмандар! Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның Қостанайдағы мемориалдық музей-үйімен таныстыру және ұрпаққа өнеге болар ғұмыры туралы әңгімелеу мақсатында «Ұлттың ұлы Ұстазы» атты онлайн-саяхат өткіземіз.
Шара барысында Ы. Алтынсариннің музей-үйінің экскурсия жүргізушісі Дусмагамбетова Шынар Сұлтанқызымен жүздесіп, Ұлт ұстазы хақындағы ғибратты сұқбатқа куә боласыздар!