Қалалық орталық кітапхана

Image

Қалалық орталық кітапхана – көп құрылымды бұқаралық мәдени орталық.

Қалалық орталық кітапхана – оқырмандар қалаған ісімен айналысу үшін жайлы жабдықталған  орындар және заманауи үлгіде  үйлесімді көрнекіленген көркем залдар.

Кітапханада барлық жастағы адамдарға топ түрінде  және жеке түрде сабақтар өткізіледі. Клубтар және шығармашылық студиялар жұмыс істейді.  Ақпараттық қорды емін-еркін пайдалану үшін арнайы орындар да ұйымдастырылған.

Оқу залына келген әр оқырманның көңілі көтеріліп, қалаған ісімен айналысуға деген ықыласы артады. Өйткені, залға жөндеу жүргізіліп, жұмсақ орындықтар, ыңғайлы үстелдер, әткеншек орындықтармен жабдықталған және жеке отырып айналысу үшін шағын бөлмелер ашылған.

Балалар залы – келген балақайлардың көңіл күйін көркем ететін керемет залдардың бірі. Бұл бөлмеге кірген ұл-қыздардың қиялына қанат бітіп, дарыны ашылары күмәнсіз. Неге десеңіз, танымдық-тағлымдық тұрғыдағы көздің жауын алар көркем суретті қызықты кітаптар,  3D-технология бойынша сабақтарға арналған құрал-жабдықтар, үстел ойындары және балақайды жан-жақты дамытуға арналған түрлі ойыншықтар, сурет салу жабдықтары және т.б. тамашалардың бәрі балалар залында бар.  

Image
Image

Оралхан Бөкейдің әдеби залы, Абонемент, Оқу залы және Балалар әдебиеті бөліміндегі қызметкерлер  кітапханаға келген әрбір адамды қуана қарсы алып, құрақ ұшып қызмет көрсетеді.

Ал пайдаланушылар жайлы орында жайғасып, әлемдік ақпарат желілерін, сан саланы қамтыған ішкі және сыртқы электрондық қорларды және т.б. тегін және еркін  пайдалана алады.

Өркениетті ел болудың басты кілті – кітапты насихаттап, руханиятымыздың ризығын арттыру және ұлттық мәдениетімізді ұлықтау бағытында бұқараға қалтқысыз қызмет ету кітапхананың басты ұраны.

Ендеше Оралхан Бөкейдің кітапханасына  келіңіздер, қуана қарсы аламыз!

Тіл үйрету курстары:

Қазақ тілі: 

Ересектерге ағылшын тілін үйрету курсы: сәрсенбі-жұма, сағат 17.00. 

Балаларға ағылшын тілін үйрету курсы: әр аптаның сенбісі, сағат 12.00-14.00,

Ересектерге француз тілін үйрету курсы: сәрсенбі - жұма: 16.00-17.00.

Корей тілін үйрету: әр аптаның сенбісі, сағат 10.00.

Image

Клубтар, Үйірмелер:

"Чемпион" шахмат үйрету мектебі: телефон арқылы жазылу:  87773170486;

"VR-студия" қашықтағы шынайылық студиясы:  сәрсенбі-бейсенбі, 14.00-18.00;

"Tilt Brush" VR-бейнелеу өнері, VR-анимация: сәрсенбі-бейсенбі, 14.00-18.00;

“3D-Forms” шығармашылық шеберханасы: 3D-басып шығару және 3D үлгілеу. Телефон арқылы жазылу:

Компьютер, Интернет курстары, Egov: сейсенбі-бейсенбі, сағат 11.00-13.00;

COMIX-club: комикс әуесқойлары клубы: әр аптаның бейсенбісі, сағат 16.00;

"БуМАГИЯ"  Максим Решетовтың шеберлік шеберханасы: PAPERKRAFT көпқырлы түрде үлгілеу өнері: әр аптаның сенбісі, сағат 16.00;

"Изюминка": табиғи материал және қағазбен түрлі бейнелер жасау: әр аптаның жұмасы, сағат 15.00.

Жұмыс кестесі

Кітапхана демалыссыз қызмет көрсетеді.
Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 20.00
Сенбі - жексенбі: 11.00 - 20-00
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы 

Кітапхананың мекенжайы:

Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

Сұрағыңыз болса, хабарласыңыз: +7(7232) 25-03-64, +7(7232) 25-17-70.

Кітапхана әлеуметтік желілерде:

Main Menu каз