1

«Комикс шынайылығы» № 5 podcast шығарылымы

Руслан Бабиров  сіздерге шым-шытырық  және  тылсым оқиғалар туралы  шолуын ұсынады!
Тыңдаңыздар және  Оқыңыздар!
Келесі шығарылымда  аниме мен манга кейіпкерлері туралы білетін боласыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар! 
 

 

1

«ЭКО-ҚОРЖЫН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

ӨМІРІМІЗДІ  САҚТАУҒА  АТСАЛЫС!
Сен тастаған, мен тастаған, ол тастаған пластикалық дорбалар – қоршаған ортаны құртады.
Қоршаған орта зиян шексе, біздің өмірімізге қауіп төнеді!
Ендеше, өз өмірімізді өзіміз қорғайық!
Ол үшін, зиянсыз материалдан эко-қоржын (дорба) тігіп, еліміз бен жеріміздің экологиясын   қорғауға бірінші болып қадам жаса!
«ЭКО-ҚОРЖЫН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

Байқау ЕРЕЖЕСІ мына СІЛТЕМЕДЕ: http://jasylui.kz/zingbox-package/documentation/sumka.html  

Байқауға ұсынатын эко-қоржынды мына мекенжайға әкеліп, тапсырыңыздар:

БОРИС ЩЕРБАКОВТЫҢ ЖАСЫЛ ҮЙІ (№2 кітапхана-бөлімшесі)

Гагарин желекжолы, 24.

#ukcbs #EcoСумка #PlastikuNet #ЭкологическийКонкурс #СпасемПланету #ЗеленыйДомБорисаЩербакова

1

ВАКЦИНАЦИЯ ҚҰЖАТЫ – кітапханада!

Емін-еркін жүріп-тұрғыңыз келе ме?
Ендеше, біздің кітапханадан ВАКЦИНАЦИЯ ҚҰЖАТЫН басып шығарып алыңыз!
ҚОЛЖЕТІМДІ жәнеТЕЗ!

Құжатты алуға  «Тіркеу бөліміндегі»  қызметкеріміз көмектеседі. 

Кітапхананың  жұмыс кестесі: 9.00-18.00

Сенбі-жексенбі: 10.00-18.00. 

Сіздің шағын аудандағы біздің  «кітапхана – бөлімшесін»  мына жерден таба аласыз осында 

 

 
1

ЫНТЫМАҚ ТОЛҚЫН ҰСЫНАДЫ!

Құрметті Ағайын!
Біз бүгіннен бастап сіздерге жаңа қызмет көрсету түрін бастаймыз. Енді әріптесіміз Ынтымақ Толқын кітапханамыздағы керемет кітаптар туралы күн сайын сіздер үшін шолу жасайтын болады. Ал сіздер зейін қойып тыңдап, қалаған кітапты келіп алуларыңызға, немесе қашықтан тапсырыс берулеріңізге болады. Сонымен, бүгінгі алғашқы подкаст-шолуда ғалым АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ "АЛПАМЫС БАТЫР". кітабы туралы білетін боласыздар. 
1
Previous Next

ШЕБЕР БОЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

WhatsApp Image 2022 01 24 at 102435
Өз қолыңмен сый-тарту жасап,  жақын жандарыңды  қуантқанға не жетсін!
Ал сол  сыйлықты  кез келген материалдан  өзің жасауды үйренгің келе ме?
Олай болса,  «Изюминка»  үйірмесіне кел!

Үйірме жетекшісі,  шебер  Гүлмира Белібава  қалаған бұйымыңды өз қолыңмен   жасаудың  қыр-сырын үйретеді!

Әр аптаның жұма күні, сағат 15:00-де  күтеміз!

Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана. Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

Алдын ала мына жерде жазыл: осында    

 

 
1