«АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЯУЛЫ ТІЛІМ!» кітап көрмесіне шақырамыз!

Кітапханамыздың төрінде жарасып тұрған киіз үйіміздің жанында ұйымдастырылған көрмеде Ана тіліміз туралы қазына - кітаптарды ел назарына ұсындық.
Балаларға, жас пен жасамысқа арналған рухани байлықтан қалағаныңызды табуға болады. Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы жарық көрген «Әліб-Бій» атты кітабының нұсқасы, Махмұд Қашқаридің ХІ-ғасырда шыққан үш кітабы бойынша «Түбі бір түркі тілі» атты еңбегі, ұмытылып бара жатқан қазақ сөздерін ел есіне салған Б.Қыдырбекұлының «Түгел сөздің түбі бір» атты кітабы. Басқа да көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің қазақ тіл туралы 100-ден аса құнды кітабын біздің көрмеден табасыздар. Оқиық та, Ана тіліміздің байлығын бірге түгендейік!
5 қыркүйек - Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне (150 жыл) және «Қазақстан Халқының тілдері күніне» орай Өскемен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдер шеруі» айлығы аясында ұйымдастырылған көрмемізге шақырамыз!
Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
1

Main Menu каз