ЕКІ САҒАТТЫҢ ӨЗІ ЖЕТПЕЙ ҚАЛҒАНДАЙ...

Жазушы ӘЛІБЕК АСҚАРОВПЕН жұртшылықтың рухани емен-жарқын кездесуі екі сағаттан асқанда әзер түйінделді. Рухани кештің жүргізушісі, жазушы, ақын ӘЛІБЕК ҚАЛИҰЛЫ тізгінді тартпағанда ағайын әлі де алысқа «шабатындай» рухты көңіл – күйде еді. Қош, сонымен кездесу барысын қысқаша айтып берейік. Жүздесу әлқиссасында Әлібек Асылбайұлы алдымен Саха еліне әдеби сапарлары туралы әсерлерін бөлісті. «Фолиант» баспасының басшысы НҰРЛАН СӘРСЕНБІҰЛЫ жазушының әңгімесін өрбітіп, түркі тектес Сахалық ағайындармен әдеби қарым-қатынас барысы туралы әңгімелеп берді. Осыдан кейін, Оралхан Бөкейдің 2023-жылы атап өтілетін 80 жылдық мерейтойына дайындық барысы туралы ұсыныс –пікірлер басталды.
Солардың бірқатарын «авторларымен» бірге тізбелеп берсек:
- Жазушы шығармалары бойынша көркем фильм түсіру. - Түсіпхан Түсіпбеков, қоғам және мемлекет қайраткері.
- «Оралхан ордасы» атты рухани орталық ашу; Айтыс өткізу. - Серік Құсанбаев, байрақты ақын.
- Жазушының туған жерінің табиғат аясында жазушы шығармалары бойынша суретшілердің халықараларық пленэрін өткізу; Жазушы шығармалары бойынша театр қойылымдарын заманауи техника арқылы күллі облыс халқына онлайн түрінде көрсету; Қазіргі заманда жастар жаңашыл техникаға құмар болғандықтан барлық шараларда заманауи техника мүмкіндігін пайдалану.–Қабиба Ақжігітова, «О.Бөкей кітапханасының директоры.
- Оралхан оқуларын» жалғастыру; - ақын, ұстаз Бақытжан Раисова.
- Оралхан шығармалары бойынша қойылым қою. – ШҚО Драма театрының «Әдебиет бөлімінің» жетекшісі Шолпан Лақаева.
- «О.Бөкей атындағы орта мектеп орналасқан көшеге Оралхан Бөкей есімін беру. – Жаңыл Назарбаева, О.Бөкей атындағы № 44 орта мектеп директоры.
- Жазушының кітаптар топтамасын шығару. - Ақтай Әскербек: Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, ақын-драматург.
- О.Бөкейдің әдеби-мемориалдық мұражайын ашу.- Гүлжан Қазымова, қаламгер, мәдениет саласының қызметкері.
- О.Бөкей атында республикалық театрлар фестивалін өткізу. - Абай Дәулетұлы, ШҚО Драма театры «Жастар труппасының» режиссері.
Екі сағаттан аса болған кездесу барысында басқа да ұсыныстар көп болды. Айтылған мәселелер қатталып, тиісті орындарға жеткізілетін болады.
Бәрін айт та, бірін айт, Шыңғыстайдағы Оралхан Бөкейдің қара құлып салынған үй-мұражайының жырын айтсаңшы! «Ол мәселе қашан қолға алынар екен» деген алаң көңілге де жауап керек...
Құрметті Оқырман, сіз қандай ұсыныс—пікір айтар едіңіз?
1

Main Menu каз