«Тәңірідей табындым өлеңге кеп...»

Бүгін кітапханамызда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз Бақытжан Раисованың «Тәңірідей табындым өлеңге кеп...» атты поэзиялық жыр кеші өтті.
Әдеби кештің шымылдығы айтыскер ақын Қуаныш Еркінұлының ақынға арнау өлеңімен түрілді. Кешіміздің құтты қонағы Бақытжан Раисова өзінің поэзия әлеміне қалай келгенін, алғашқы жыр жинағының қашан, қалай шыққаны жайлы кеңінен толғады. Сонымен қатар, Алтайдың «Кербұғысы» атанған Оралхан Бөкеймен шығармашылық байланыста болған естелік әңгімелерін айтып берді.
Кездесуге Өскемен қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі құттықтай келіп, сыи-сияпат жасад. Облыстық Жазушылар одағының төрағасы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетіндегі «Абай» мәдени-білім беру жастар орталығының жетекшісі, қоғам белсенділері және студенттер мен әр сала өкілдері ақынға ыстық лебіздерін білдірді.
Әдеби кештің көрігін жас ақындар өлеңмен қыздырды. Олар Бақытжан Раисованың өлеңдерінен үзінділер оқып, көрермен жүрегіне жол тартты.
Шара барысында ақынмен еркін сұхбат құрылып, түрлі сұрақтар қойылды. Айта кетейік, кеш аясында кітап көрмесі де ашылған болатын. Мұнда Бақытжан Раисова жарық көрген жыр-жинақтары және қаламгерлердің ақынға арналған пікірлері де қойылды. Кеш соңында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің ректоры ақынның кеудесіне «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісін тақты.
1

Main Menu каз