Previous Next

«ЕРТЕГІЛЕР ФЕСТИВАЛІ» МЕРЕКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

2022 - БАЛАЛАР ЖЫЛЫ
 «ЕРТЕГІЛЕР  ФЕСТИВАЛІ» МЕРЕКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
 
Өтетін күні:  2022 жылы, 4-қараша                                                    
Уақыты: сағат 12.00.                                                                                                   
Мекенжайы: «Самғау» мәдениет және бұқаралық спортты дамыту орталығы.
Островский көшесі, 20/1
 (бұрынғы «Асқар-Тау» ғимараты)
                       
  • «Ертегі дастархан» - ертегі  кітаптар көрмесі  
  • «Жас талант» - оқушылар театрының  сахналық  ертегі  қойылымы.
  • «Әжем айтқан ертегі» – қараокемен ән шырқау.
  • «Әже, ертек оқып берші!» – бүлдіршіндерге ертегі кітап оқып беру.
  • «Ертегілер–орындалған армандар» - «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің желісі бойынша  мультстудияда  мультфильм түсіріп үйрену.
  • «КомиксЛэнд ғаламы» – кітаптардағы комикс кейіпкерлері туралы квест.
  • «Ертегілер кейіпкерлерімен кездесу» – VR – локация. 3D-қаламмен және VR – Tilt Brush сурет салу;  
  • «Ертегілер еліндегі жан-жануарлар» - викторина. «Жанды» кітаптардағы хайуанаттарды тамашалау.
  • «Атам ойнаған...!» – тоғызқұмалақ, асық, бестас ұлттық ойындары.
  • «Ертегілер – бізбен бірге!» «Tales Among Us» – ағылшын тілі курсына қатысушы балалармен квест.
  • «Аудио-ертек тыңдаймын!» – арнайы көрнекілендіріліп, жабдықталған шағын бөлмелерде аудио–ертек тыңдау. Балалардың оқуымен аудио - ертек жазу.
  • «БуМагия», «Изюминка» клубтары - жетекшілері ертегілер кейіпкерлерін қағаздан жасауды үйрету шеберлік сағатын өткізу.
  • Роботехника – сенің қолыңнан келеді! Қатыс та, өзің жаса!
 
Шаралар қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
 
БАЛАЛАР, АТА-АНАЛАР және басқа да барлық ДОСТАР!
Келіңіздер,  қуана қарсы аламыз!
1

Main Menu каз