Previous Next

Білімді бала болайық

Жас оқырман!
Балалық шақ – тұлғаның дамуындағы аса маңызды кезең. Себебі, дәл осы кезеңде салауатты, табысты, әрі бақытты өмір негізі қаланатыны өзіңе белгілі. Қазақстанда балалардың тиісті дәрежеде дамуына қолдау көрсету – қоғамның негізгі мақсаттарының бірі. Атап айтқанда, тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету, отбасын қорғау саласында үлкен жұмыстар жүзеге асырылады.
Сен білесің бе, елімізде балалардың өмірінің сапасын қамтамасыз ету үшін адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжаттарды растады, олардың 15-і балалар құқықтарын қорғауға қатысты. 2006 жылы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган — Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы Заң қабылданды. Баршамызға белгілі, 2022 жыл біздің Отанымызда «Балалар жылы» деп жарияланды. Осылайша, балаларға барынша көңіл бөлініп, олардың жарқын өмірі үшін түрлі игі жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.
Осы орайда, О. Бөкей қалалық кітапханасы да өскемендік жасөспірімдердің білімдерін тереңдетіп, ой-өрістерін кеңейтуге барлық жағдайды жасауда. Балаларға арналған түрлі қызықты кітап қоры бір төбе, небір үйірмелер мен клубтар өздерің үшін жұмыс істеуде. Тек қана «ақыл толыстырып, бәрін білгім келеді» деген өздеріңнің ниеттерің болса болғаны.
Балалар, Дүниежүзілік балалар құқығы онкүндігі аясында бізде «Бала құқығы – адам құқығы» кітаптар көрмесі өткізілуде. Өздеріңнің құқықтарың мен міндеттерің туралы, ата-ана тәрбиесі жөнінде терең мағлұматтар алғыларың келсе, осында қойылған көркем де тағылымды шығармалармен танысуға болады. Сонымен қатар, оқыған қызықты кітаптарың жайлы өз достарыңмен пікір бөлісуге шақырамыз.
1

Main Menu каз