«Сөйле, менің жүрегім...»

«Сөйле, менің жүрегім...»

Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағының иегері,

 Өскемен қаласының Құрметті азаматы,

ақын Серік Ғабдуллаұлының  85 жылдық мерейтойына орай

«Сөйле, менің жүрегім...»

тақырыбында облыстық мүшәйра өткізу туралы.

 

 

ЕРЕЖЕ
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС МӨЛШЕРІ:

Облыс өңірлерінің   18 - 35 жас  аралығындағы   талапкерлері қатыса алады.

БАЙҚАУ ШЫҒАРМАЛАРЫНА  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Шығарма жанры – поэзия;

2. Автор екі  өлең  ұсынуы керек:

Серік Ғабдуллаұлына арнау – бұл өлеңге ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қоғамдағы қайраткерлік қызметі және азаматтық болмысы өзек болуы шарт.

  • ТӘУЕЛСІЗДІК тақырыбына арналған өлең.

3. Өлеңнің ұйқасына, ой тереңдігіне, сөз байлығына, көркемдік деңгейіне,  сауатты  және тағлымдық  мазмұнда  жазылуына баса  мән беріледі;

4. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында болуы керек;

5. Бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;

6. Мүшәйра  барысында  қатысушылардың мәнерлеп оқу шеберлігі,  талғамды киім киісі және сахнадағы жүріс-тұрысына да назар аударылады.

7. Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның  ар-ожданына  тиетін т.б. теріс пиғылдағы  және көрсетілген талапқа сай жазылмаған шығармалар байқауға қабылданбайды.

8. Ұсынатын шығармаларын  2022-жылдың 10  желтоқсанына дейін   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.    электрондық  пошта  мекенжайына  жіберулері керек.

 

АВТОРДЫҢ  КЕЛІСІМІ

1. Байқауға жіберген  шығармасын  (толық, немесе ішінара) бұқаралық ақпарат  құралдарында, жинақтарда, ғаламторда немесе  әлеуметтік желілерде жариялауға;

2.Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптар қоймауға келісім береді.

 

ШЫҒАРМАЛАРДЫ БАҒАЛАУ:

2. Шығармаларды  кәсіби  мамандардан құрылған  «Қазылар алқасы»  жан-жақты бағалайды.

3. Қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталған  жеңімпаздар келесі орындар бойынша марапатталады:

  • 1-орын (1)
  • 2-орын (1)
  • 3-орын (2)
  • Ынталандыру сыйлығы (2).

4. Байқау қорытындысы әлеуметтік желілерде және БАҚ-тарда жарияланады.

 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

  • Жеңімпаздарды марапаттау – 2022 жылы, 14 желтоқсан.
  • Марапаттау салтанаты өтетін  мекен-жай:

 Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.  Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

 

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Серік Ғабдуллаұлының рухты шығармашылығын насихаттау арқылы жастарды Отанды және туған жерді сүюге, ұлтшыл болуға үндеу;
  • Жас дарындарды анықтау және ынталандыру;
  • Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және дамыту;
  • Ана тілімізде сөйлеу, жазу мәдениетін сақтауға және дамытуға ықпал ету.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

  • «Ұлан ауданының әкімдігі;
  • «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ
  • «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
  • Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!

 87755129367, 87077610077 – Серік Қуанған

1

Main Menu каз