Қазақстанда ұлттық әскери құрамалардың құрылуы

Қазақ КСР әскери коммисариатының Қазақстан  азаматтарын жаппай әскер қатарына шақыруы 1941 жылдың шілдесінің ортасынан басталды. 1941 жылдың тамызынан 1942 жылдың тамызы аралығында республикамызда  10 атқыштар , 1 кавалериялық  дивизия және 7 атқыштар бригадасы құрылған.

Тез уақыт аралығында Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, Алматы  сияқты Қазақстан  қалаларында 310, 312, 314 және 316-атқыштар дивизиялары жасақталып, оның құрамы Хасан, Халгин-Гол ұрыстарына және Кеңес-Фин соғысына қатысқан қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамымен толықтырылды. Бұл дивизиялар жасақталған бірінші күннен-ақ  киім-кешек, қару-жарақпен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Республикада майданға 15 мың әр түрлі шендегі офицерлер аттанған. Взводтар мен рота командирліктеріне әскери училище түлектері тағайындалса, ал батальондар мен полктарды басқару округ мекемелерінің және маман бөлімдерінің офицерлеріне жүктелді.

96, 105, 106-шы ұлттық әскер дивизияларының жасақталуы, майданға кіруі және таратылуы

Ұлы Отан соғысы жылдарында қысқа мерзім ішінде Қазақстанда үш ұлттық атты әскер дивизиясы (105-ші, 106-шы, 96-шы), екі ұлттық жеке атқыштар бригадасы (100-ші, 101-ші) құрылды. Бұлардан басқа республика  ресурстарынан 4 атқыштар дивизиясы ұйымдастырылды.  Үш ұлттық  атты әскер дивизиясы және екі  атқыштар бригадасын толықтыру үшін әскерге 20 311 ат, 433 автомашина, 1394 арба бөлінді.

Қазақстаннан  ұлттық құрама қатарына 26 161 адам шақырылып, 6 мыңдай қазақ жауынгері  8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясын толықтыруға жіберілді.

1941 жылдың 10 желтоқсанында  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің бұйрығымен  Жамбыл қаласында 105-ші қазақтың атты әскер дивизиясы жасақтала бастады. Бұл дивизияның штабында 15 желтоқсанда 180 жоғары командирлер, 88 кіші командирлер болды. Олардың 70-і  кавалерист, 43-і артиллерия,  5-і  инженер, 6-ы байланыс, 3-і химия,  18-і ветеринария саласындағы мамандар еді. Дивизияны басқаратын әскери мамандардың 95-і запастан шақырылғандар болса, ал 83-і коммунистер, 34-і комсомол мүшелері болды.

1941 жылдың 18 желтоқсанындағы мәліметке қарағанда жасақталған 105-ші атты әскер дивизиясында 451 кіші командирлер  мен 2757 қатардағы жауынгерлер болған.

Барлығы майданға 1 млн 20 мың адамнан 1 млн. 400 мыңға дейін адам аттанды деп есептелді.

Бұл соғыста Қазақстан 400 000 адам жоғалтты деп саналды.

Main Menu каз