Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысушы ретінде кітапхананы пайдаланушыларға және әріптестеріне түрлі тақырыптарда тренингтер, кеңестер, семинарлар,  IT-технология және ақпарат іздеу бойынша жеке сабақтар ұсынады. 

Сабақтар кітапхана-бөлімшелерінде өткізіледі. Мекеме мамандары үшін теренингтер мен семинарларды мекемеге барып өткізу үшін алдын ала тапсырыстар қабылдайды.  

Тренингтер:

  • «Электрондық үкімет: тіркеу, іздеу, on-line қызметтер»
  • «Интернеттен ақпарат іздеу»
  • «Электрондық поштамен (е-mail) жұмыс»
  • «Қашықтағы толық мәтінді мәліметтер қорынан іздеу»
  • «Компьютерде жұмыс істеу негіздері».

Кеңес беру және жеке сабақтар өткізу:

  • Электрондық каталогта іздеу
  • Құқықтық мәліметтер қорынан іздеу.

Курстар:

  • Зейнеткерлерді компьютерде жұмыс істеуге үйрету.

Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған  семинарлар, тренингтер.


 

Main Menu каз