Құрметті оқырмандар!

Кітапханадан алған кітаптарыңыздың пайдалану уақытын үйде отырып-ақ Интернет желісі арқылы  on-line түрінде ұзартуларыңызға болады.  Алынған кітаптың, немесе басқа бір басылымның пайдалану мерзімін ұзарту үшін көрсетілген  үлгіні  толтырған соң «Ұзарту» батырмасын басу керек.

Кітапты пайдалануды ұзарту тапсырысын  орындау мерзімі – 1, 2 күн. Осы уақыт аралығында Сіздің электронды  поштаңызға қолданыстағы кітабыңыздың пайдалану мерзімінің ұзартылғаны, немесе ұзартылмайтыны жайлы хат түседі.

Қарыздары жоқ пайдаланушылар  ғана  On-line ұзарту  мүмкіндігін пайдалана  алады.

Назар аударыңыз!  Кітап мерзімінің  ұзартылғаны жайлы Сіздің  e-mail-ға бізден хабарлама  келгенде ғана кітапты пайдалану уақыты  ұзартылған болып есептелінеді. Егер өтінішіңіз 3 күн ішінде қанағаттандырылмаса, Сіз телефонмен хабарласу арқылы кітапты пайдалану уақытын ұзартуыңызға болады.

Ескертеміз: Кітаптар мен журналдарды үйге уақытша пайдалану мерзімі  10 күн.  Бір кітаптың  уақытын 2 реттен артық ұзартуға болмайды. Сонымен бірге, пайдалану мерзімін кітапханаға өзіңіз келу арқылы, немесе телефонмен хабарласу арқылы да ұзартуға болады.

Main Menu каз