­Кітапханашыдан сұра

«Кітапханашыдан сұра» қашықтықтағы анықтама қызметі Әдістемелік-библиографиялық жұмыстар бөлімінің онлайн қызметі.  Ол барлық тақырыптық бағыттардағы ақпараттарды іздеу және анықтау (нақтылау) бойынша қашықтағы пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.

Қашықтықтан көрсетілетін қызмет түрлері:

  • Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ қорында нақты бір құжаттың бар-жоқтығы туралы сұранымдар;
  • тақырыптық сұранымдар (анықтамалар, белгілі бір тақырып бойынша құжаттар тізімі);
  • белгілі бір дерекке негізделген сұранымдар (нақты бір оқиға, мекеме, танымал тұлға туралы, анықтама, энциклопедиялар бойынша        терминдерді анықтау және т.б). Бұл сұранымдарды орындаған кезде ақпарат қайдан алынғаны жайлы пайдаланушыға анықтама беріледі.;
  • Сұранымдар күн сайын мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады. Сұраныстарды орындау мерзімі 1 күннен 3 күнге дейін.
Қарауға және орындауға жатпайтын сұранымдар:
  • Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ қызметінің тақырыптық бағыттарынан тыс сұранымдар;
  • математика, физика, химияға және т.б. байланысты пәндік сұранымдар;
  • реферат, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б жазу туралы сұранымдар;
  • мәтін аудару туралы сұранымдар

Назар аударыңыздар!