IT-arular mektebi
Қыздарды бағдарламалау мен модельдеуге үйрету жобасы. 2022-2023 жылдары іске асырылды.
Жоба туралы толығырақ
Қыздарды бағдарламалау мен модельдеуге үйрету бойынша “it-arular mektebi” жобасы 2022-2023 жылдары іске асырылды.
1200 қыз – мектептер мен колледждердің оқушылары-қыздардың IT-мамандықтарын таңдау кезінде гендерлік теңсіздікті өзгерту үшін бағдарламалау және заманауи IT-технологияларға мақсатты қысқа мерзімді оқытудан өтті.
Оқыту 4 бағыт бойынша жүргізілді:
– “Blender” бағдарламасында 3D модельдеу және анимация;
– Ішкі және сыртқы 3D визуализациясы;
– “Digital fashion, digital me”: сандық киім және сандық Аватар жасау;
– “AI-Art”: жасанды интеллект арқылы иллюстрациялар мен анимациялар жасау.
Жобаны USAID қорының қолдауымен Еуразиялық қор бірлесіп іске асырды.
"Blender" бағдарламасында 3D модельдеу және анимация
Ішкі және сыртқы 3D визуализациясы
"Digital fashion, digital me": сандық киім және сандық Аватар жасау
"AI-Art": жасанды интеллект арқылы иллюстрациялар мен анимациялар жасау