Кітапхана туралы
Мен не істесем де,
Отан үшін жасайтынымды түсіндім.
Отан үшін жасайтынымды түсіндім.
Қазақтың көрнекті жазушысы, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған партизаны. Шығыс Қазақстан облысы Асубұлақ ауылында туған. 1941 жылы партизан отрядын басқарды. Украинада, Молдовада, Румынияда, Чехословакияда 100-ден астам ұрыстарға қатысты. Концлагерьден 700 тұтқынды босатып, Днепрден алғашқы өткендердің бірі болды.
Соғыстан кейін қазақ әдебиетіндегі партизан соғысы тақырыбының негізін қалаушы және 30-ға жуық кітаптың авторы. КСРО, Чехословакия, Румыния ордендерімен және медальдарымен марапатталған. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы» атағымен марапатталды.

Қасым Қайсенов
Кеңес халқының өз тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауға дайындығының жарқын көрінісі жау тылындағы партизандық қозғалыс болды. Қазақ партизандарының жалпы саны 3,5 мыңнан асты:
Кеңес Одағының Батыры А.С.Егоров пен З.У.Хұсайынов шет елдердегі қарсы қимыл көрсету қозғалыстарына қатысып, ерлік көрсетті. Кеңес партизандары жоғары үкіметтік атақтарымен және «Отан соғысының партизаны» медалімен марапатталды. 1964 жылы Чехословакияда қазақ партизандарын еске алуға арналған «Егоров жұлдызы» төсбелгісі бекітілді.