Оралхан Бөкей атындағы Заманауи кітапханаға қош келдіңіз! Білім мен шабыт әлемін бірге ашайық!

Ақпарат бір сәтте қолжетімді болатын, үнемі өзгеріп отыратын заманауи қоғамда біз сіздерге дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан, білім әр адамға қолжетімді Оралхан Бөкей атындағы Заманауи кітапхананы қуана таныстырамыз.

Заманауи дизайн, жайлы атмосфера және озық технологиялар Оралхан Бөкей атындағы кітапхананы цифрлық мәдениет, жасанды интеллект, білім беру мен қарым-қатынас орталығына айналдырады.

Орталық қалалық кітапхананың ішкі кеңістігі — заманауи дизайнерлік стильде жасалған, оқырмандар үшін ыңғайлы әрі жайлы, үйлесімді орта.

Оқырмандарға қызмет көрсету RFID өзін-өзі қызмет көрсету станциясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе кітаптарды кітапханашының қатысуынсыз автоматты түрде алу және қайтаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пайдаланушыларға әлемдік ақпараттық желіге, сыртқы және ішкі мамандандырылған электронды ресурстарға тегін қолжетімділік ұсынылады.

Галерея
gallery
Кітапхананың тіркеу фойесі
gallery
Кітапхананы тіркеу, RFID кітап беру станциясы
gallery
Кафе, кофе машинасы
gallery
Мерзімді басылымдар залы
gallery
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» – бір кітап көрмесі
gallery
Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал
gallery
Лингвистикалық кабинет
gallery
Конференция залы
gallery
Оқу залы
gallery
Мемлекеттік рәміздер стенді
gallery
«Көркем сөздегі жемқорлық» көрмесі
gallery
3D орталық
gallery
Киіз үй
gallery
Детский сектор
gallery
Балалар бөлемі, сенсорлық үстел
gallery
Анимация студиясы
gallery
«Интерактивті қабырға» анимациялық студиясы
gallery
«Осьминог» мультстудиясы

Біз оқырмандарымызға не ұсынамыз?

Кең әдеби қор: Кітапханада оқу және көркем әдебиеттерді, сирек кездесетін жинақтарды қамтитын бай кітап қоры бар. Біз сөрелерімізді үнемі жаңартып, классикадан бастап заманауи бестселлерлерге дейінгі ең өзекті әрі қызықты туындыларды ұсынамыз. Кітапхана қорында қазақ, орыс, ағылшын, француз және түрік тілдеріндегі көркем әдебиеттер бар.

Цифрлық ресурстар: Кітапхана электронды кітаптарға, аудиокітаптарға және дерекқорларға онлайн қолжетімділік ұсынады. Бұл ресурстарды кітапханада да, өзіңізге ыңғайлы уақытта үйден де пайдалана аласыз.

Оқу мен жұмысқа арналған жайлы кеңістіктер: Біз оқу, білім алу және жұмыс істеу үшін қолайлы аймақтар жасадық: Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал, VR-киіз үйі бар оқу залы және ана мен балаға арналған орын, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар мәдени іс-шаралар өтетін конференция залы.

Клубтар, курстар және шеберлік сабақтары: Кітапханада әдебиет пен өнерден бастап технология мен тұлғалық дамуға дейінгі түрлі бағыттарда дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Атап айтқанда: – 3D-модельдеу және 3D-басып шығару курстары; – компьютерлік ойындар жасау курстары; – «COMICS-CLUB» комикс орталығы; – қазақ, ағылшын және француз тілдері курстары және тағы басқа. Дағдыларыңызды дамытып, ой-өрісіңізді кеңейту үшін біздің іс-шараларға қосылыңыз!

Баршаға қолжетімділік: Біз қызметтеріміздің қоғамның барлық топтарына қолжетімді болуын көздейміз. Балаларға, жастарға, қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бағдарламалар әзірленген. «Кітапхана – зейнеткерлердің зияткерлік даму орталығы» жобасы аясында ересек жастағы қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, сурет салып, қағаз пластикасымен айналысып, оқылған кітаптар бойынша пікір алмасады.

Балалар залы шығармашылықпен айналысуға толықтай жабдықталған: креативті модульдік кейіпкерлермен жаңартылған интерьер, жаңа қызықты кітаптар, 3D-технологияларға арналған құрал-жабдықтар, конструкторлар, мүсіндеу мен сурет салуға арналған жинақтар, дамытушы үстел ойындары бар.

Инклюзивті балалар анимациялық студиясында балалар мен жасөспірімдер режиссёр, оператор, сценарист, суретші-мультипликатор рөлін сезініп, инновациялық жабдықтар көмегімен анимациялық фильмдердің қарапайым сюжеттерін жасай алады.

Бізге қосылыңыз!

Оралхан Бөкей атындағы Заманауи Орталық қалалық кітапхана — әр адам өзіне қажет әрі маңызды дүниені таба алатын білім мен мәдениет орталығы. Сіздерді қауымдастығымыздың бір бөлігі болуға, жаңа көкжиектерді ашып, жаңа жетістіктерге шабыт алуға шақырамыз!

Жаңалықтарымыздан хабардар болыңыз!

Барлық іс-шаралар, акциялар мен жаңалықтардан қалыс қалмау үшін әлеуметтік желілеріміз бен сайтымызға жазылыңыз!