Кітапхана бөлімшелері туралы

№6 кітапхана бөлімшесі – «Аблакетка» шағынауданы тұрғындары үшін білім мен рухани дамудың, шығармашылық ізденістің нағыз ордасы. Кітапхананың табалдырығын аттаған әрбір оқырманды жылы жүз, жайлы орта және тыныштыққа толы ерекше атмосфера қарсы алады.

Мұнда интернет желісі, заманауи бейне және компьютерлік техника оқырмандарға кең мүмкіндіктер ұсынады. Кітапхана №13, №14 орта мектептерімен, сондай-ақ «Айналайын» және «Балауса» балабақшаларымен тығыз жұмыс істейді. Кітапхана құрылымы ересектер мен балалар залдарынан тұрады.

Шығармашылық үйірмелеріміз:

«Оқимыз, ойланамыз, жасаймыз» — балалардың қиялын дамытуға бағытталған шығармашылық клуб.
«Кел, тыңда, оқиық» (3–7 жас) — балалардың тілін дамытуға және мәнерлеп оқуға арналған үйірме.
«Кел, сөйлесейік! – Приходи, поговорим!» — өзге ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілі үйірмесі.
«Қиялыңды жандандыр» — жасанды интеллект мүмкіндіктерін (сурет, мәтін, видео жасау) үйрететін клуб.

Ақпарат алу үшін Instagram-да @filial6_biblioteka_cbs_uka парақшамызды бақылап, немесе 29-45-02 телефонына хабарлассаңыз болады.

Сейсенбі - Жұма:
08.00 - 17.00
Жексенбі-Сенбі:
9.00 - 18-00
Түскі үзіліс:
12.00-ден 13.00-ге дейін
Дүйсенбі
Демалыс
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы
#
«Аблакетка» | Островский көшесі, 8
Показать на карте
#
+7(7232) 29-45-02
Позвонить
#
6biblioteka2018@mail.ru
Написать письмо