Кітапхана туралы
№ 8 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері оқырмандарға дәстүрлі және заманауи технологияларды, құжаттар қорларын, заманауи ақпарат тасығыштарды, интернет-ресурстарды, толық мәтінді деректер базасын ұсына отырып қызмет көрсетеді.
Кітапхана қорында 14480 дана кітап бар.
Кітапхана шағын ауданның білім және мәдениет мекемелерімен ынтымақтасады, ақпараттық-ағарту жұмыстарын белсенді жүргізеді және түрлі тақырыптарда шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырады.
Бірнеше жылдан бері «Гармония» қыздар клубы мен «Өркен» балалар клубы жұмыс істейді.