Кітапхана бөлімшелері туралы

№10 кітапхана-филиалы — білім мен мәдениеттің, руханияттың ордасы. Дана халқымыз «Кітап — алтын сандық» десе, кітапхана — іші қазынаға толы алтын сандық, білім мекені, тағылымы мол тәрбие ошағы.

Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой-өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу еліңді, жеріңді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді әрі төзімді болуға баулиды.

Балаларға арналған жарқын да қызықты әлем ұйымдастырылған: түрлі түсті бояумен боялған ертегі кітаптар, шахмат, дойбы ойындары бар. 3D-сиқырлы қаламымен сурет салып, жұмсақ орындықта жайлы, жылы кітапханада кітап, газет оқуға болады. Кітапханамыз Меновное және Ахмер мектептерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

«Кітап оқыңыз – рухани бай болыңыз!»

Клубтар, үйірмелер:

• «Кел сөйлесейік» (қазақ тілін үйренушілерге): Бейсенбі, 14.00–15.00 (үлкендер), 15.00–16.00 (балалар)
• «Оқимыз, ойнаймыз, сурет саламыз» — Жұма күндері
• Шахмат, дойбы үйірмесі — Сәрсенбі, 15.00
• Тоғызқұмалақ үйірмесі — Сейсенбі, 15.00

Дүйсенбі - Жұма:
08.00 - 17.00
Түскі үзіліс:
12.00-ден 13.00-ге дейін
Сенбі -Жексенбі:
Демалыс
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы
#
Меновное кенті, М. Горький көшесі, 11
Показать на карте
#
+7 (7232) 57-48-50
Позвонить
#
filial10@kitaphana.kz
Написать письмо