Кітапхана бөлімшелері туралы

№ 5 кітапхана-филиалы — білім мен шабыттың, мазмұнды қарым-қатынастың кеңістігі. Мұнда зияткерлік қорды толықтырып, жаңа көкжиектерді ашып, достармен бірге қызықты уақыт өткізуге болады.

Ересектерге — түрлі жанрдағы әдебиеттер, мерзімді басылымдар және оқуға, ой толғауға, еркін әңгімелесуге қолайлы жайлы атмосфера ұсынылады.

Балаларды жарқын әрі қызықты әлем күтеді: кітаптар мен үстел ойындары, шахмат пен дойбы, «Оқимыз, ойнаймыз, сурет саламыз» шығармашылық студиясы, «Кел сөйлесейік» тілдесу клубы. Ыңғайлы пуфтар, жұмсақ ойыншықтар мен тартымды хикаялар шынайы шытырман оқиға атмосферасын қалыптастырады. Ал 3D-қаламның көмегімен кеңістікте көлемді пішіндер салып, қиялды шындыққа айналдыруға болады.

Кітапхана шағынаудандағы мектептермен және балабақшалармен, соның ішінде «Ақ ниет» мектеп-интернатымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Клубтар, үйірмелер, курстар:

• Қазақ тілінің сөйлесу клубы «Кел сөйлесейік» — сенбі, сағат 9.00
• «Оқимыз, ойнаймыз, сурет саламыз» (балалар шығармашылық студиясы) — сенбі, сағат 14.00
• «Ақ ладья» шахмат клубы — сенбі, сағат 9.00
• «Компьютерді нөлден бастап» — күн сайын.

Сейсенбі - Жұма:
08.00 - 17.00
Сенбі, Жексенбі:
09.00 - 18-00
Түскі үзіліс:
12.00-ден 13.00-ге дейін
Дүйсенбі:
Демалыс
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы
#
Севастопольская көшесі, 16/1
Показать на карте
#
+7(7232) 75-99-85
Позвонить
#
filial5@kitaphana.kz
Написать письмо