Кітапхана туралы
«Борис Щербаковтың жасыл үйі» кітапхана-бөлімшесі тұрғындардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық сананы қалыптастырумен айналысады.
Бұл ең алдымен табиғатты құрметтеуге, тәрбиелеуге бағытталған кітаптар, ғалымдармен кездесулер, оқу-зерттеу экобағдарламалары және басқа да іс-шаралар арқылы өңіріміздің қоршаған ортасы туралы білім алуға арналған алаң.
Жерлесіміз орнитолог, биология ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы жазушы – Борис Васильевич Щербаковпен экосабақтар, шеберлік сағаттары, тақырыптық кездесулер өткізіледі. Ғалым-биолог Шығыс Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтаумен жұмыс жасап келеді.
Кітапхана экологияны терең зерттеуге қызығушылық танытатын оқушылар мен студенттерге келесі тақырыптық бағыттар бойынша оқыту сабақтарын өткізеді: биоәртүрлілік, энергия үнемдеу, суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, жергілікті тұрғындарды экологиялық тұрғыдан сауаттандыру. Балалар экология негіздерімен танысады, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын меңгереді, зертханада тәжірибелер жасайды. Экологиялық акциялар мен шараларға а қатысады .