Кітапхана туралы
№8-ші кітапхана – бөлімшесі Согра шағын ауданындағы ақпараттық – мәдени орталығы болып табылады. Кітапхана әр жастағы оқырманға қызмет көрсетеді.
Қорда білімнің барлық салалары бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер, журналдар және энциклопедиялық кітаптар қоры жинақталған. Пайдаланушыларға қызмет көрсететін заманауи технология - Интернет пен компьютерлермен қамтамасыз етілген. Жергілікті тұрғындар кітапханамызға келіп, электрондық үкімет порталынан өздеріне қажетті анықтамаларды ала алады.
Кітапханада тілдік сауаттылықты арттыруға көмектесетін қазақ тілінен «Кел, сөйлесейік» ауызекі клубы жұмыс істейді. Келіңіздер, қазақша сөйлеу мәдениетін жетілдіресіздер.
«3D қаламмен жасап үйрену» үйірмесіне келіп, технологиялық сауаттылықты арттырып, қол бұлшықеттерін дамытуға болады. «Зерде» шахмат үйірмесіне келіп, шахматтың ережелерін үйреніп, логикалық ойлауын, еске сақтау қабілетін дамытасыздар. Шығармашылықпен айналалысамыз «Шебер қол» үйірмесі жұмыс істейді! Қол моторикасын жақсартып, қағаздан әдемі бұйымдар жасауды үйренесіздер.
Клуб, үйірмелер:
• Қазақ тілінің сөйлесу клубы «Кел сөйлесейік» — сенбі, сағат 14.00
• «Шебер қол» — балаларға арналған шығармашылық үйірмесі, сенбі, сағат 15.00
• «Зерде» шахмат үйірмесі — жұма, сағат 16.00
• «3D қаламмен жасап үйрену» үйірмесі — бейсенбі, сағат 15.00