Кітапхана бөлімшелері туралы

«Нота» — № 4 кітапхана-филиалы — ерекше мәдени-музыкалық орталық болып табылады. Мұнда Қазақстан композиторларының музыкалық шығармаларын сақтау мен дәріптеуден бөлек, арнайы музыкалық сабақтар өткізіледі.

Кітапханада музыкалық әдебиеттің барлық түрлері кеңінен ұсынылған: ноталар, кітаптар, оқулықтар мен анықтамалық әдебиеттер. Кітапханада «Өнер» толық мәтінді мәліметтер базасы жұмыс істейді, онда «Web-ресурстар», «Музыкалық сауат», «Режиссура», «Театр» және «Кино» тақырыптық блоктары бойынша материалдар жинақталған. Музыкалық қорға әлемнің ұлы композиторларының ондаған шығармалары кіреді.

Оқырмандар үшін абонемент, оқу залы, балалар бөлімі және интернетке қосылған компьютерлік зал қызмет көрсетеді.

Клубтар:

• «Элегия» музыкалық клубы — айдың бірінші жексенбісі, сағат 13.00
• «Кел, сөйлесейік!» клубы — сенбі, сағат 10.00
• «Dombyra-студия» — сенбі, сағат 13.00

Үйірмелер:

• 3D қалам — сәрсенбі, сағат 15.00
• «Біліңіз және жинаңыз» (Робототехника) — бейсенбі, сағат 16.00

Сейсенбі - Жұма:
08.00 - 17.00
Сенбі-Жексенбі:
09.00 - 18-00
Түскі үзіліс:
12.00-ден 13.00-ге дейін
Дүйсенбі:
Демалыс
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы
#
Металлургтер көшесі, 13
Показать на карте
#
+7(7232)772615
Позвонить
#
filial_4@mail.ru
Написать письмо