Кітапхана бөлімшелері туралы

№11 кітапхана-филиалы — білім, шабыт пен жылы қарым-қатынастың орталығы. Мұнда интеллектуалды қорды толықтырып, жаңа білім көкжиектерін ашып, уақытты тек достарыңмен ғана емес, жаңа достар тауып та қызықты өткізуге болады. Кітапхананың құрылымы ересектер мен балалар залын қамтиды.

Балалар мен ересектерге қазақ тілінде еркін сөйлеуді үйрететін «Кел, сөйлесейік!» клубы жұмыс істейді. Ал ересек оқырмандар үшін айдың соңғы бейсенбісінде «Шабыт» клубы есігін айқара ашады — мұнда оқылған кітаптар мен фильмдерді талқылап, жайлы атмосферада сырласуға болады.

Балаларды жарқын оқиғалар әлемі күтеді: комикстер, манга, «Фантазерлер» шығармашылық шеберханасы және 3D-қаламмен сурет салу сабақтары. Ең кішкентай оқырмандар үшін «Балдырған» дауыстап оқу клубы мен «Знаток» сөйлейтін электронды қаламдары қолжетімді. Сондай-ақ «Настольный мир» клубында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойнауға болады.

Кітапхана «Локомотив» балалар клубымен, №2 «Бүлдіршін» балабақшасымен және «Жандаурен» хосписімен белсенді жұмыс істейді.

Клубтар, үйірмелер, курстар:

«Кел сөйлесейік» (қазақ тілінде сөйлесу клубы) — Сенбі, 14:00
«Фантазерлер» (шығармашылық шеберхана) — Сенбі, 11:00
«Настольный мир» (үстел ойындары) — Жұма, күні бойы
«Балдырған» (дауыстап оқу, 3–7 жас) — Сәрсенбі, 10:00
«Шабыт» (ересектер клубы) — Бейсенбі, 15:00

Сейсенбі - Жұма:
08.00 - 17.00
Сенбі -Жексенбі:
09.00 - 18-00
Түскі үзіліс:
12.00-ден 13.00-ге дейін
Дүйсенбі:
Демалыс
Тазалық күні: айдың соңғы жұмасы
#
«Защита» м-н / Косарев к-сі, 34
Показать на карте
#
+7 (7232) 50-03-32
Позвонить
#
pvzashita@mail.ru
Написать письмо